Тәуелділіктен арылу: 7 құрылғы

Тәуелділіктен арылу: 7 құрылғы
Фото: www.justpo.st

Тәуелділік бұл белгілі бір нәрсеге құлшыныстың кенеттен артуы және онсыз өмір сүре алмаймын деген қауыпті ойдың әсерінен туындайды. Тәуелділіктің күштілігі сонша – ол сізді басқара отырып, сіздің саналы түрде таңдау жасауыңызға кедергі келтіреді.

Заманауи психологтардың ойынша, тәуелділік – әдет және адамның іс-әрекетінің формасы. Әдетке бұл адам ойланбастан автоматты түрде жасайтындығымен ұқсайды.

Тәуелділіктің белгілері:
Әрине, сізде белгілі бір затқа тәуелділік пайда болса оны өзіңіз аңғаратыныңыз анық. Дегенмен, жиі байқала бермейтін белгілері де бар:
• Өсім: өткен аптада 5 кекс жедіңіз және 3-4 қасық қант салынған 10 кесе шай іштіңіз. Ал, мына аптада кекс саны 7-ге артты, 12 кесе шай іштіңіз.
• Негізгі міндеттерді орындауға қабілеттің төмендеуі: Жұмысқа кешігуді жиілету.
• Белгілі бір әрекетті тоқтата алмау: түні бойы достарыңызбен бірген компьютер ойынын ойнадыңыз.
• Тұйықтық: уақытыңыз болса да, далаға шығып серуендемейсіз, достарыңызбен араласуды доғардыңыз.

Тәуелділіктен құтылу үшін не істеу керек?
2004 жылы Стэнтон Пил атты медицина докторының «7 Tools to Beat Addiction» (Тәуелділіктен арылу үшін керек 7 құрылғы) атты кітабы жарық көрген болатын. Бұл кітапта автор мәселенің шешімін табудың 7 жолын көрсетті:

1. Жетістік:
Сізге қоғамда белгілі бір орны бар мақсаттар бойынша жұмыстану керек. Түрлі марафондарға қатысыңыз, жұмыс жасаңыз, білім алып, мансап қуыңыз. Адам қолы бос кезінде немесе күйзеліс уақытына белгілі бір нәрсеге тәуелді болу мүмкіндігі артады.

2. Саналы әрекет
Сергек болыңыз. Сергек ойлаңыз әрі қимылдаңыз. Ақылыңызды танымдылыққа жұмсаңыз. Тәуелділік адамның санасын сөндіріп тастайды. Сондықтан, одан шығу үшін йога, медитациямен айналысыңыз.

3. Белсенділік
Бойыңыз қуатқа толы болсын. Неғұрлым физикалық тұрғыда қозғалыста болсаңыз, соғұрлым жаман ойлардан арыласыз.

4. Денсаулық
Дұрыс тамақтаныңыз, медициналық көмекке жүгініңіз, спортпен айналысыңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Өйткені,  тәуелділік дертіне шалдыққан адам денсаулығын соңғы орынға қояды.

5. Жауапкершілік
Бойыңыздағы бұл қасиетті дамытыңыз. Тек жауапкершілік қана сізді қиын жағдайдан алып шығады. Жауапкершілікпен арыңыз тығыз байланыс орнататынын ұмытпаңыз.

6. Өзіңізге деген сыйластық
Тәуелділік неден пайда болады? Енді алдымен, қызығушылық болса, екіншісі, өзіңізге деген сыйластықтың болмауынан туады. Ол сіздің физикалық және психикалық денсаулығыңызен тығыз байланысты. Сондықтан, өзіңізге деген махаббатты оятыңыз.

7. Қоғам
Біз қоғамның бөлшегі екенімізді ұққан сәтте өзіміздің үздіксіз механизмнің бір бөлігі ретінде сезінеміз. Егер біздің тарапымыздан қателік болса, бір қоғамға қара дақ түсетінін түсінеміз. Сол кезде тәуелділік дерті туралы ой санаңыздан автоматты түрде жоғалады.

Т. Есқали