Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Созылмалы күйзелістің адамға әсері

Созылмалы күйзелістің адамға әсері

Созылмалы күйзелістің адамға әсері

Ұзақ мерзімді күйзеліс адамды үлкен қиындықтарға душар етеді. Бұл қауіпті сценарийді саналы түрде жоя алмасаңыз, одан пайда болатын салдардан арылу әлдеқайда қиын болады.

Сонымен, күйзеліс тудыратын негізгі мәселелер қандай?

Сананы күңгірттендіреді
Көптеген зерттеулер мен күйзеліске жиі шалдығатын адамдардың бақылауларына сүйенетін болсақ, созылмалы күйзеліс сергек адамның өзін есенгірететіні күмән туғызбайды. Әдетте бұл психологиялық дерт адам назарының бір нысанға шоғырлануын, есте сақтау қабілеті мен логикасын, ақылға қонымды шешімдерді қабылдау қабілетін бәсеңдетеді. Ұзақ уақытқа созылған стресстің барысында адамның бәрі сыни ойлау мен саралау қасиетінен айырылады.

Жүрек ауруларының пайда болу қаупін арттырады
Стресс жүрек жиілігі мен соғу күшін арттырады, артерияларды тарылтып, жүрек ырғақтарына әсер етеді. Қан қысымының жоғарылауы үнемі мазалап, адам өзінің қалыптасқан өмір сүру дағдысынан ауытқи бастайды.

Иммундық жүйені әлсіздендіреді
Адам ағзасы әлсіздігінен инфекциялар ықпалына жиі түсіп, суық тию немесе тұмаумен ауыру жиілігі мен ұзақтығы артады.
Карнеги институтының зерттеуі бойынша, стресс ағзаны токсиндер, вирустар мен у секілді зиянды заттардан қорғайтын гематоэнцефалит кедергісіне кері әсер етеді.

Ерте қартаюға алып келеді
Стресс адамның физиологиясына, соның ішінде, қанға тікелей әсер етеді. Қан ағымының теріге жетуі қиындайтындықтан, ол сарғайып қартая бастайды. Өзге аурулармен қоса, Альцгеймер ауруына да шалдығу қатерін туғызады.

Артық салмақ қосу мен ас қорыту жүйесінің бұзылуына алып келеді
Кортизол аталатын стресс гормоны ағзада майдың жиналуына ықпал етеді және майларды, тұз және қантты тұтынуға деген ықыласты жоғарылататынын атап өтеміз.

Көңіл-күйді бұзып, адамдармен қарым-қатынасты нашарлатады
Күйзеліске түсуге бейім адам психологтар мен психиатрлардан басқа ешкімге қызық емес. Ондай адамдар айналасындағылардың назарына ілікпейтіндіктен жалғыз қалады. Бұл ұзақ әрі терең депрессияға алып келеді.

Ескі ауруларды қоздырады
Созылмалы стресс пен бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы арасындағы айқын байланыс бар. Мұның бәрі артритке әкелуі мүмкін.

Теріге, шашқа және тістерге әсер етеді
Стресске байланысты гормоналды ауытқушылықтар мен қанның теріге қажет мөлшерде жеткізілмеуі адамның сырт келбетінің көріксізденуіне алып келеді. Экзема да стресске байланысты орын алады. Шаштың түсуі мен қызылиектің босаңсуы созылмалы уайымнан туындауы әбден мүмкін.

Жаман әдеттерге жол ашады
Әдетте күйзеліске бейім адам уайымын жеңілдету үшін түрлі жаман әдеттерге үйір болып кетеді. Бұл оны жан дертінен арылтпай, керісінше, оның одан әрі асқынуына әкеліп соғады.

8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2017, 14:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.