Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жас ата-анаға керек кеңес

Жас ата-анаға керек кеңес

Жас ата-анаға керек кеңес

Психологтардың айтуынша, сәбидің физикалық және психикалық дамуына әсер ететін ең маңызды фактор – ол ата-анасының сабырлығы. Ақылды және шыдамды болсаңыздар, сәби сіздерді қуантатыны сөзсіз. 

1. Жас отбасында сәби дүниеге келген соң ата-ана онымен бірге келген кей мәселелерді (мысалы, тамақтандыру, жуындыру, күтім жасау және т.б) шеше алмаймыз деп қорқады.

Қорқудың қажеті жоқ, мұндай көңіл күй жас ата-анаға, соның ішінде босанғаннан кейін ағзасы әлсіреген анаға тән. Кей кезде пайда болатын ашынушылық босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдердің барлығында дерлік болатын өзіндік белгі. Мұндай көңіл күй жүре-бара кетеді, тек алаңдап үйрену керек. Жағымды ұсақ-түйектерге көбірек мән беру арқылы өзіңізді алаңдата біліңіз. Мысалы, бөпеңізге әдемі киім таңдау, таза ауада демалу, кітап оқу.

Бастапқы кезде өзіңізді жалғыз сезініп, күйеуіңіз және достарыңыз қажетті зейін аудармайтындай көрінуі мүмкін. Уайымдамаңыз, мұндай ойлар жалпы жүйке жүйесінің шаршауынан пайда болады. Уақыт өте шешілмейтін секілді көрінген мәселелердің барлығы өз орнымен қалпына келеді.

2. Бала тәрбиелеуде ең жақсы кеңесші – сіздің интуиция.

Тәжірибесі жоқ жас ана болса да, өз баласына не керек екенін жақсы біледі. Жақындарыңыз бен достарыңыздың пікірлерін жақсылап тыңдаңыз. Алайда балаңызға қандай да бір затты қаламасаңыз, оны жасамаңыз.

3. Сәбимен психологиялық, эмоциялық байланыс ұстау және оны бекіту маңызды.

Баланы емізу – тығыз байланысты орнататын ең тиімді жол.

4. Сәбиге деген махаббат – бала тәрбиесіндегі ең сенімді көмекші.

Сіздің көңіл күйіңіздің жоқтығы және ашуыңыз сәбиге беріледі. Ақжүректілік – бала тәрбиесіне қажетті бағалы қасиет. Барлық адамдар өзінше ерекше, ал балаңыздың ерекшеліктерін сізден артық ешкім білмейді. Сондықтан оны «көршінің» баласымен салыстырудың қажеті жоқ. Балаңызды зерттеңіз, себебі сіз «менің балам» атты білім саласындағы тәжірибелі маман және мықты зерттеушісіз.

5. Үлкен адамның ағзасы сәбидің ағзасынан өлшемімен және дене пропорциясымен ғана ерекшеленбейді, ондағы өтіп жатырған өмірлік процесстер де бөлек.

Сәби қаншалықты кіші болса, айырмашылық соншалықты үлкен болып келеді. Маңызды айырмашылықтың бірі – өзгерістің әртүрлілігі мен жылдамдығы. Өзгерістің ең жоғарғы қарқыны сәбидің бір жасына дейін болады. Одан кейінгісі алты жасында және жыныстық жетілу кезінде болады. Бұл кездері бойы тез өсіп, салмақ қоса бастайды. Бастысы рухани күйінде болатын өзгеріске көп мән беру керек.

6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: Юлия Королёва
Қосылған күні: 14 қараша 2017, 22:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.