Мысқылдау дұрыс па?

Мысқылдау дұрыс па?
Фото: hindustantimes.com

"Мысқылдан қорықпаңыз – ол оны қолданған адам үшін әрі оны қабылдаған адам үшін де пайдалы"

Мысқыл (cарказм) – қарым-қатынастың ең қиын құралы. Өйткені, ол көптеген түсініспеушілік тудыруымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, халық санасында жиі мысқылдайтын адамдар өз сенімсіздігін осылай жасырады деген түсінік те қалыптасқан. «Мысқыл – бұл келекелеудің бір түрі. Яғни, бұл ашу мен қорқыныштың туындауынан болады», – дейді психолог Клиффорд Лазарус.  

Гарвард бизнес мектебінің зерттеушілері Франческа Джино, Ли Хуанг және Адам Галин өзге қорытындыға келген. Олардың ойынша, мысқылды қабылдай білу қабілеті ойлаудың маңызды бөлігін жетілдіреді әрі белсенді ете түседі дейді. Олар адамдардың шығармашылық қабілеттерін тексеру мақсатында сынаққа қатысушы 300 адамға сұрақтар қояды. Мысалы: шоколад, алтын және интерьерді байланыстыратын бір сөзді табыңыз. Дұрыс жауабы – плитка. Бірақ, мұндай сұрақтарға бірден жауап беру қатысушыларға қиындық туғызыпты. Кейін мысқыл әңгімеден соң ғана сауалға жауап алу мүмкіндіктері арта түскен.

Осыған ұқсас нәтиже «Journal of Applied Psychology» журналында жарық көрген. Ғалымдар 375 студентке бірнеше тапсырма берген. Тапсырма берілмес бұрын әр студентпен жеке кездесіп, бетпе-бет сұхбат жүргізген. Кейбір сұхбат көңілді, ашық әңгіме ретінде жүзеге асса, кейбірінде ғалымдар өздерін ашушаң, талапшыл ретінде ұстаған. Екінші жағдайда ғана студенттердің белсенділігі жоғары екені байқалған. Өйткені, ол кезде студенттер бар назарын берілген тапсырмаға аударған.

Дегенмен, мұндай жағдайларда жетістікке жету үшін адамдардың мысқылды қабылдау қабілеті жоғары болуы тиіс. Әйтпесе, топта жұмыс істеу қиынға соғады.

Бұл өмірдің заңдылығы секілді. Талап қоя білетін ұстаздың оқушылары міндетті түрде бір нәрсені меңгеріп кетеді. Ал, мысқылдау арқылы сынауға мүмкіндік туады. Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Сіз мысқыл әңгімені қалай қабылдайсыз?

Т. Есқали