Туретт синдромы: ит болып үретін адам бар

Туретт синдромы: ит болып үретін адам бар
Фото: https://salik.biz

Ит болып үретін, аузынан боқтық сөз түспейтін адамды көріп жатсаңыз таң қалмаңыз. Өйткені, мына жаратылысы сан алуан ғаламда сіз естімеген тағы бір ауру түрі бар. Ол – Туретт синдромы.

Бұл аурудың алғашқы белгілері 4 пен 8 жас аралығында пайда бола бастайды. Адам өзін басқарудан қалады. Адам еріксіз қимылдай береді. Көзін жиі жыпылықтатып, басын қайта-қайта сілкей беретін әдет пайда болады.

Бұрындары бұл синдром сирек кездесетін өте қызық құбылыстардың қатарына жататын. Бүгінде  1000 баланың арасынан 10 балаға дейін бұл синдромға шалдығады. Бұның емі жоқ.

Туретт синдромына шалдыққандардың зияткерлік көрсеткіші қалыпты. Яғни, олардың ойларында ақау болмайды. Олар оқи алады, жаза алады, түрлі салада еңбек ете алады. Дегенмен, оларға зейінін бір нәрсеге аудару өте қиын болғандықтан оқуды мектепте емес, үйден білім алып жатады.

Синдромның негізгі себебі дофамин гормоны арқылы басқарылатын жүйке жүйесіндегі ақаудың орын алуы. Сонымен қатар, синдром тұқымқуалаушылық қасиетке ие. Егер ата-ана қанында бұл синдром кездессе, балада кездесу мүмкіндігі жоғары.

Атақты адамдардың арасында дәл осы синдроммен ауыратын футболист бар. Ол – Тим Хорвард. Өзінің қолының жұмысын басқара алмайтынына қарамастан үздік қақпашылардың қатарында.

Т. Есқали