Өтірік айтуды қалай қоюға болады?

Өтірік айтуды қалай қоюға болады?
Фото: https://mediazavod.ru/

Сіз өтірік айтасыз ба? Егер «иә» деп мойындасаңыз жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз әлдеқайда зор. Өйткені ең ауыр өтіріктер «мен өтірік айтпаймын» дегеннен басталады. Өтірікті серік етуден шаршасаңыз, мына кеңестерді қолданып көріңіз.

1.  Себебін анықтаңыз:

Өтірік айтуды қашан және не себепті бастағаныңызды есіңізге түсіріңіз. Өтірік – тәуелділікке алып келетін ауру түрі. Егер асқынып кетсе, онымен күресу қиындай түспек. Егер жалғыз қолыңыздан келмесе, достарыңыз бен отбасыңыздың көмегіне сүйеніңіз.

2.  Өтіріктің ақыры қандай болатынын естен шығармаңыз:

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам». Өтірік қарым-қатынастарды оңай бұзатын, сенімнің қабырғасына залал тигізетін пайдасыз қасиет. Әр уақыт өтірік неге алып келетінін есіңізге салып отырыңыз. Егер бойыңыздағы ұяттың күші басым болса, сөзсіз жеңесіз.

3. Өтірікті мойындаңыз:

Өзіңіздің өтірік айтып тұрған сәтіңізді сезген бойда оған себеп іздеп, ақталуға тырыспаңыз. Мойындаңыз.  Өзіңізге деген әділеттілігіңіз жойылған сайын, өтірік айырылмас жолдасыңызға айналады.

4.  Мүмкін емес дүниеге уәде бермеңіз:

Қолыңыздан келмесе шыңдықты айтыңыз. Бос уәдемен үміттің отын жағып қоятыңызды естен шығармаңыз. Сіздің бос сөзіңіз біреулер үшін маңызды болуы әбден мүмкін.

5.  Өзіңіздің құныңызды біліңіз:

Өзіңізге деге сенімсіздіктің кесірінен өтірік айтуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан өзіңіздің қандай адам екеніңізге зерттеу жүргізіңіз. Достарыңыз бен бауырларыңыздан өзіңіз туралы сұраңыз. Жаман қасиеттеріңізбен күресуді бастағаныңыз жөн. 

Т. Есқали