Қай пейзажды таңдайсыз? (психологиялық тест)

Қай пейзажды таңдайсыз? (психологиялық тест)
Фото: GetBg.net

Психологиялық тесттер күн өткен сайын саны артып  келеді. Мамандар соның ішінде көзбен көріп жүзеге асыратын тесттерді қызықтырақ санайды. Сіздерге төрт түрлі түнгі теңіздің пейзажы ұсынылады. Олар бір-біріне өте ұқсас, тек толқындарының әртүрлі өрнегімен, айдың орналасуымен ерекшеленеді. Картиналарға жақсылап қарап, қайсысы жаныңызға тыныштық сыйлайтынын анықтаңыз. Таңдадыңыз ба?

1-сурет

Егер сіздің таңдауыңыз бірінші картинаға түссе, сіз өте шығармашылыққа жаны құмар жансыз. Армандарыңыз бен жоспарларыңыздың ауқымы өте кең. Жеке кәсібіңізді жүргізуге де қабілеттісіз. Ол үшін табиғат-ана сыйға тартқан талантыңыз да бар. Достық пен махаббатта тұрақтылықты, беріктікті басты орынға қоясыз. Достарыңыз болса мәңгілік бірге болуды, сүйген жаныңыз болса, өмір бойы жұп жазбауды құп көресіз.

2-сурет

Сіз мықты тұлғасыз, сезіміңізден ақылыңыз басым тұрады. Өзіңізге бақыт дәнін сеуіп, оның жемісін өзгелермен де бөлісесіз. Ережелермен өмір сүресіз. Дағдыңыз қалыптан шығып қалса, мәні жойылса да оны тастамайсыз.

3-сурет

Үшінші картинаны таңдауыңыз туа бітті шешен әрі зияткер екеніңізді көрсетеді. Ойыңыздың тереңдігін тексеру үшін күрделі есептерді, түйткілді мәселелерді шешкенді ұнатасыз. Табиғатыңыздан түйсігіңіз жақсы дамыған, бұл сізді өмірде көп жолдан аман алып шығып келе жатыр. Достарыңыз көп, сонда да мәселелеріңізді ешкімге айтпай, өзіңіз шешесіз, барлығын оңашада, жалғыздықта жасағанды қалайсыз. Өзгелердің табысы мен жетістігіне көз алартатын кездеріңіз де болады.

4-сурет

Сіз бейбіт, төзімді жансыз. Өмірде барлығын салқын қандылықпен қабылдайсыз. Өмірді сүйесіз, экстремалды әдіспен уақыт өткізуге де қарсы емессіз. Бірақ бір кезде одан да жалығасыз. Барлығынан ойыңызды жинақтайтын оңашалықты, кеште жалғыз қалуды қалайсыз.

@. @assel_assanova