Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Ыдыста да ырыс бар...

Ыдыста да ырыс бар...

Ыдыста да ырыс бар...

"Шешесін көріп – қызын ал, ыдысын көріп – асын іш" деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік ой жатыр. Демек, ата- бабаларымыз ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс аяққа да үлкен мән берген. Олар ыдысты көбіне ағаштан (еменнен, қайыннан), малдың  (жылқының, ешкінің)  терісінен, металдан (мыстан, жезден) жасайтын болған.

Қазақ дәстүрге, ырымға, қолөнерге өзінше бай, оның ішінде ұлттық ыдыстарымыз да. Біз бүгін өскелең ұрпаққа ұмыт қалып бара жатқан осындай ыдыстарды таныстыра кетуді жөн көрдік. Қарапайым деген шәугімнің орнын тефаль, күбінің орнын сепаратор басқан заманда мұны білу маңызды. Өзіңіз біліңіз, өзгеге айтыңыз... 

Аяқ – ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.

Аяққап – киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілетін, аяқ сақтайтын ыдыс.

Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс.

Бұлқыншақ –  жылқының, ешкінің бітеу сойылған сан терісінен жасалған сұйық құятын ыдыс.

Бақыраш – су құйып алуға арналған темір ыдыс.

Бүйен – ал бүйенінен жасалған, май сақтауға арналған ыдыс.

Жанторсық – жолаушы жанында жүретін, сусын құятын шағын тері ыдыс.

Жуаз – май шайқайтын ағаш ыдыс.

Зерен – шара тәріздес, беті қақпақты, күміспен, сүйекпен шекетулеген кәделі ағаш ыдыс.

Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс.

Кеспек – еменнен жасалып, сырты темірмен құрсалған, су немесе іркіт құятын үлкен ыдыс.

Керсен – ағаштан жасалған шұңғыл табақтың үлкені.

Кесекқап – кесе сақтайтын аяққап тәріздес ыдыс.

Көзе – қыштан жасалатын, түбі кең, аузы тар сұйық құятын ыдыс.

Көнек – теріден қатырып жасалынған, шүмегі бар бие сауатын шелек.

Қазан – шойыннан жарты шар үлгісінде құйылған, ұстауға қолайлы, төрт құлағы бар, көлемі әр түрлі, бетінде қақпағы бар тамақ пісіруге арналған ыдыс.

Қарын – бұзаудың, қойдың қарнынан жасалған май сақтайтын ыдыс.

Қасық – ағаштан, темірден жасалған сұйық тамақ ішетін ыдыс.

Құты – су, сусын құятын шағын ыдыс.

Құмыра – қыштан жасалған, сұйық ас құятын ыдыс.

Құман – қолға су құятын шәйнектің бір түрі.

Құманша (ақ  құман) – шай бұқтыратын шағын ыдыс.

Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс.

Мес – ас құятын, сақтайтын тері ыдыс.

Саба – жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс.

Самаурын – шай қайнататын ыдыс.

Табақ – ет тартатын, кәделі, жиекті ағаш ыдыс.

Таба – отқа салып нан көметін екі бетті ыдыс.

Торсық – су, сусын құятын шағын тері ыдыс.

Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.

Тегеш – металдан жасалған мескенің бір түрі.

Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.

Топатай – су, сүт құятын кішкене ыдыс.

Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған, су құятын тозбайтын үлкен ыдыс.

Піспек – сабадағы, күбідегі асты шайқайтын дөңгелек басты сапты құрал.

Шөген – шойыннан жасалған шұңғыл, қазан тәрізді ыдыс.

Шелек – су таситын, мал сауатын қаңылтыр не ағаш ыдыс.

Бие – шелек тек бие сауатын шелек.

Шәугім – құманның бір түрі.

Шара – ағаштан ойып жасаған қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс.

Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі.

Шөміш – қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі.

Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық.

Шылапшын – қол жуғанда пайдалынылатын ыдыс.

Қауға – құдықтан су тартатын шелек.

Материалды дайындау барысында "Қазақтың дәстүрі мен мәдениеті" кітабы пайдаланылды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kazakzaman.kz, otrarmuseum.kz, commons.wikimedia.org, wikimedia.org, rezbaderevo.ru, vkoem.kz 

28327 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 ақпан 2014, 12:05
Пікірлер
+0
12 ақпан 2014, 14:46

Нағыз керек дүниелер екен. Осылардың атауларының бірін біліп, бірін білмейтініміз ұят енді...

+0
12 ақпан 2014, 15:53

Қазір елдің бәрі етті астаумен тартатын сән тауыпты ғой

+0
12 ақпан 2014, 17:31

Бақыраш деп атай береміз әлі күнге дейін

+0
12 ақпан 2014, 17:37

иә, бір облыстарда сөйтеді екен, бізде шөміш, ожау)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...