- Негізгі бет
- Психология
- Жан-жарым – ұзақ...
Жан-жарым – ұзақ жолда серігім
«Күніңіз қалай өтті?» – ең маңызды сұрақ
Осылай деп сүйіктіңізден сұрап тұрыңыз. Ұсақ–түйек деп мән бермегенмен, оған деген қызығушылығыңыздың бары оны қуантары анық.
Ұрыс-керіс – уақытша
Араларыңыздағы махаббатқа сызат түсіретін уақытша нәрсенің қармағына түспеңіз. Оның алдын алу үшін жағдай жасаңыз.
Сізді қызықтырмайтын әрекеттің барлығынан бас тартыңыз
Ғашықтар ретінде барлық жерде қол ұстасып жүру міндет емес. Егер көңіліңізге қонымды әрекет болмаса, бас тартқаныңыз абзал. Мысалы, сүйіктіңіздің анасының туған күніне бару – маңызды. Дегенмен достарының туған күнін жыл сайын бірге атап өтуден бас тартуға болады.
Кішкентай тосынсый – бақытты етудің айласы
Сүйіктіңіз тәттіні жақсы көре ме? Онда жол–жөнекей дүкенге соқсаңыз, тәттіні де ала салыңыз. Қиын жұмыс емес, есесіне кішкентай тосынсыйлар оны ылғи ойлап жүретініңізді дәлелдейді.
Оның жанұясын өзіңіздікі деп есептеңіз
Ажырасқан жұптардың барлығы екі отбасы арасындағы келіспеушілікті сөз етеді. Сондықтан жұбыңызды қалай жақсы көрсеңіз, оның отбасын солай құрметтеңіз. «Сенің әкең, сенің анаң» дегеннен гөрі, «анамыз, әкеміз» деу көңілге сенім мен жылу ұялатады.
Алдағы жоспарыңызбен бөлісіңіз
Бір–бірінен сыр бүгу сенімсіздікке алып келеді. Ал, махаббатың негізгі құрамы – сенім екенін ұмытпаңыз.
Жай ғана сүйіңіз!
Мен оны ұнатамын, ол да солай істеуі тиіс деген ойдан аулақ болыңыз. Сіз өзіңіз үшін жақсы көріңіз. Ерекше сүйіңіз. Оның да махаббаты сіздікінен өзгеше болсын.
Ұзақ жолға сапар шегу үшін жол жүруге қамдана білуге тиіссіз
"Өмір" атты ұзақ сапарда серігіңіз болатын жанды бағалай біліңіз. Оның кейбір қылығына бойыңызды үйретіңіз. Ешкімді түзетуге тырыспаңыз! Сіз жалғыз саяхаттай алмайсыз. Саяхатыңыз есте қалсын десеңіз, жол серігіңізді адаспай табыңыз.
Т. Есқали