- Негізгі бет
- Психология
- Күнделік жазу –...
Күнделік жазу – қызықты іс
Күнделік жазу – қызықты іс. Күнделік жазудың өміріңізге тигізер пайдасы зор. Атап айтсақ, күнделік жазу:
Күнделікті күйбеңнен арылуға көмектеседі.
Өзіңізді қандай сұрақтар мазалайтынын білесіз.
Күрделі сұрақтардың шешімін табу оңайға соғады.
Шығармашылық қабілетіңізді шыңдайды.
Өткен өміріңіздегі өзіңізді мазалайтын оқиғаға кешіріммен қарайсыз.
Психологиялық түрде жағдайларға мықты төзіммен қарайсыз.
Белгілі психолог Шон Ачор психологиялық түрде төзімділік күн сайын қысымнан арылып тұрған кезде нығая түсетінін айтқан. Өз ойыңызды қағазға түсіре отырып, артық ойдан арылып, өзіңізді жіті зерттей аласыз. Бір жыл бойы жазылған ойыңызды оқып, өз-өзіңізді қолға алуды, көп толқымауды үйренесіз.
Ойды тазарту
Өз ойымызды түсіне отырып, біз оны өзгерте аламыз. Күн сайын таңертең миымыз идеяға толып оянады. Бүгін не істеймін, кеше не істедім деген сұрақтар миымызда тұрады. Ойымызды сыртқа шығарып тастаудың пайдасы зор. Сол үшін күнделік жүргізу керек.
Эмоцияны басқару
Ашу-ызаны, кекті, қорқынышты қағазға түсіріп, оған сырт көзбен қараған кезде, бұлардың сіздің ішкі күшіңізді жұмсауға тұрмайтын жағдайлар екенін түсінесіз.
Өзіңізбен күрес
Ішкі дауысыңызды күнделік жазу барысында естисіз, сізді үнемі аяқтан шалатын сұрақтардың жауабын күнделіктен табасыз.
М. Оңғарова