Күнделік жазудың не қажеті бар десеңіз

Күнделік жазудың не қажеті бар десеңіз

Бала кезде бәріміз де күнделік жаздық қой? Рас па? Балаларда да «құпия дәптер» болды демей-ақ қояйын, бірақ барлық қызда мұндай дәптер болды. Тіпті оның бетін «Оқымаңдар!» деп те жазып қойғанымыз ше? Біз осы бір дәптерге талай құпиялар мен ойларымызды, алғашқы махаббатымыз бен ата-анаға деген өкпе-ренішімізді жаздық қой.

Ал заман өзгеріп, енді біз соның барлығын да ғаламдық торға жаза бастадық. Өзгергені шын аты-жөні мен дәптердің құпия болудан қалуы. Қалғанының бәрі де баяғыша. Мұның барлығы да бұрынырақта өзіміз есейген соң қайта оқып, қызық күндерді еске алу болса, қазіргі онлайн күнделіктер өзгелердің осы туралы пікірін білу үшін жазылады. Расында да өзіңді толғандырып жүрген мәселені өзге адам қалай қабылдайтынын оқу қызықтырақ емес пе? Десек те, тек өзіміз үшін жазатын күнделік пайдалы бола алады.

Day One атты электронды күнделік жүргізу ресурсының құрастырушылары күнделікті қалай жүргізу керектігі жайлы және оның қандай пайдалары бар екенін айтып берген.

Ешкімге де оқуға берілмейтін күнделікке «Не жазамын?!» деген сұрақ болады. Ендеше кеңестерді қабыл алыңыз:

Керемет ойлар

Өзіңіз үшін қызықты әрі пайдалы болатын түрлі қанатты сөздерді тізуіңізге болады. Өміріңізде болып жатқан дүниелерге байланысты жеке ойларыңызды: қуаныш, қайғы, махаббат, өкініш, құштарлық, жалғыздық, мұң сияқты дүниелерді жазсаңыз осы аталғандарды сіз шын мәнінде сезінесіз. Тұлға ретінде қалыптасуыңызға қай тұстарда қадам жасадыңыз, қалай жасадыңыз – міне, осының барлығы да өткенді сараптауға, болашаққа мақсат жасауға үйретеді.

Сіздің жасаған шешімдеріңізге әсер еткен жағдайлар

Тағы бір пайдалысы – өзіңіз оқыған мақалалар мен көркем шығармалардағы кереметтей тұжырымдар мен қорытындыларды жазу. Оларды оқи отырып, өзіңіздің өміріңіздегі күрмеуі қиын мәселерді шешу жолында пайдалану.

Мақсаттар

Егер жылдық немесе айлық жоспарыңызды әлеуметтік желілерде немесе блог-ресурстарда жариялайтын болсаңыз, оларды жеке күнделігіңізге де жазып қоюға болады. Жоспарыңыз соншалықты маңызды болмаса да, өзіңіз үшін нәтиже беретін мақсаттарды алға қойғаныңыз жөн.

Кітаптар мен фильмдерден, музыкадан алған әсеріңізді жазыңыз

Біздің шешім қабылдауымызға кейде кітап пен фильмдердегі сюжеттер әсер етуі мүмкін. Көркем шығармаларға кішігірім рецензия немесе әсеріңізді жазсаңыз – алынған ақпаратты қорытуға жақсы мүмкіндік.

Қуанышты күн!

«Құрметті, күнделік! Бүгін керемет күн болды!» деп басқа қайда жаза алмақсыз? Шын мәнінде дәл осындай сәттерден өмірлік сипатыңызды көп уақыт өткен соң байқай аласыз. Өміріңіздің көптеген қырларын, детальды түрде байқауға мүмкіндік аласыз.

Сіз дәмін татқан ас

Кереметтей бір жолмен жасалған ерекше ас мәзірлерін түртіп алу әсіресе қыз балаларға пайдалы.

Болған жерлеріңіз жайлы

Саяхатшының кішігірім жазбалары кейінгіге қалған керемет естелік! Естелік ретінде сурет қана қалса, сіз ондағы барлық жағдайды бір суретке қоса алмайсыз, сол себепті кішігірім жазбаларыңыз кейінгі өміріңізге жақсы естелік болып сақталатынына күмәнданбаңыз.

Ал сізде күнделік болды ма? Оған не жазушы едіңіз?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lifehacker.ru

А. Құлтай