Сізде не жоқ?

Сізде не жоқ?
Фото: uralskweek.kz/

Бір әйел тағдырдың тауқыметіне шыдамай, мықты бір психологтың алдына күңіреніп барыпты. 

– Менің досым жоқ, ақшам жоқ, көлігім жоқ, үйім жоқ, жастық шағым да өтіп барады. Жақсылықтан үміттенбеймнін. Жоқшылықтан қатты қиналып кеттім, – дейді. 

Сонда психолог: 

– Сізде басқа не жоқ? Білесіз бе? – дейді. Әйел ойланып тұрғанда психолог сөзін былай деп жалғапты: – "Жоқ" деп айта беруге болады. Тізім таусылмас... Мысалы, сіздің жазылмас дертіңіз жоқ. Деніңіз сау... Біреуге қайтара алмай жүрген миллиондаған қарызыңыз жоқ. Өз күніңізді өзіңіз көріп жүрсіз. Ауру бала мен өздігінен тұра алмайтын қартқа жауапты емессіз. Жақын жандарыңыз аман-сау. Мүгедектік жоқ. Он екі мүшеңіз жұмыс істеп тұр. Егер "менде жоқ нәрселер" деп тізім жасасаңыз, соңында шүкіршілік етесіз. Ақша – қолдың кірі. Деннің саулығы – сіздің басты байлығыңыз. 

Сонда әлгі әйел өзінен-өзі жымиып, психологқа рақметін айтыпты.  

М. Оңғарова