Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Адамның ғаламат мүмкіндіктері

Адамның ғаламат мүмкіндіктері

Адамның ғаламат мүмкіндіктері

"Адамның мүмкіндігі шексіз" деген сөздің жаны бар. Иә, иә, сіз бен біздің мүмкіндігіміз өзіміз ойлағаннан әлдеқайда жоғары. Бұл сыни уақыттарда, өлім мен өмір таласқа түсіп жатқан кезде, яки өмірімізге үлкен қауіп төніп тұрған сәттерде айқын білінеді.

Қорқыныш сезімі қауіпті кездерде адам ағзасының осы "қосымша" мүмкіндігін пайдаланады. Яғни, күндердің бір күнінде бұл қасиеті жарыққа шыққанда, адам өмір бойы "бұны мен істедім бе?" деп таңырқап өтеді. Өз-өзіне. 

Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда, адам ағзасы ғаламаттың күшімен ерекше қуатқа ие болады. Оған мысалдар жетерлік...

1. Полярлық ұшқыш өз ұшқышын жөндеп жатып, біреудің түрткенін сезеді. Жалт қараса, оны түртіп тұрған сүйкімді әрі қорқынышты ақ аю екен. Келесі секундта ұшқыш жерден екі метр биіктікте, ұшақтың қанатында тұрып есін жияды. Оған қалай шығып кеткенін ұшқыштың өзі де білмей аң-таң болады. 

2. Жеңіл машинаның астына түсіп қалған баласын құтқару үшін анасы машинаны жүк құрлы көрмей, көтеріп алады. Бұл әрекетін де жас ана түсіндіре алмады.

3. Екі жасар баланың 7-қабаттан құлап бара жатқанын көрген ана оны бір қолымен ұстап қалады. Ол баланы бір қолымен, терезенің жақтауын тек екі саусағымен құтқарушылар келгенше ұстап тұрған. Кейін құтқарушылар оның саусақтарын жақтаудан әрең-әрең ажыратқан. 

4. Қыста көлік апатқа ұшырайды. Өзінің 40 жасар ұлының өмірін сақтап қалу үшін 70-тегі әже оны арқасына салып алып, күртік қармен 13 км жерді жүріп өткен. Адам омыртқасы қиын жағдайларда 10 тонналық жүкті көтере алады екен. 

Адамның осындай сиқырлы мүмкіндігі тек өміріне қауіп төнген кезде ғана емес, ұзақ жаттығулардың әсерінен де байқалып жатады. Оған Гиннестің рекордтар кітабына енген оқиғаларды, спортшылар орнатқан түрлі рекордтарды жатқызуға болады. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: healthaccord.net

8883 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 14 қыркүйек 2012, 22:04
Пікірлер
+0
14 қыркүйек 2012, 23:44

Ya adam mumkindikteri weksiz goi

+0
15 қыркүйек 2012, 11:07

"қысқы күні"? "қысты күні шығар"?

+0
15 қыркүйек 2012, 11:32

Көрер жарығы болса, тылсым құдіреттің болатыны сөзсіз

+0
15 қыркүйек 2012, 12:50

Ужассс, мен қорыққанда не істей алады екем ойланып кеттім ғоййй

+0
15 қыркүйек 2012, 19:04

Үйі өртенген кезде кемпір қажетті нәән сандығын бір өзі көтеріп шыққан ғой.. Кейін сандықты орналастырар кезде 3-4 жігіт әреңң көтерген көрінеді)

+0
15 қыркүйек 2012, 23:22

yaaa,,,tan kalmanyzdar

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...