Жігітіңізді бақытты еткіңіз келсе...

Жігітіңізді бақытты еткіңіз келсе...

Әрбір жұп өз қарым-қатынастарын түрліше құрады. Алайда әйелдің де, еркектің де қалаулары табиғатпен ұқсас болып келеді. Сүйіктіңді жалықтырып алмас үшін не істеу керек? Өзіңді ақылға салып, әрбір іс-қимылыңа мұқият бол.

1. Оған өз бақытыңды жұқтыр – бұл өте оңай, ол үшін өзің де бақытты болу керексің. Әрдайым оның есіне қуанышты сәттермен оралатындай бол. Әрдайым жақсылыққа сен, өзіңе сенімді бол, күліп жүр.

2. Оның көзінше әрдайым сұлу болып жүр – әдемі киін, табиғи мейк-ап және т.б. қыздардың қулықтарын пайдалан. Және өзіңнің әдемілігіңе күмәнданба.

3. Өз сырларыңмен бөліс – бірақ ең қорқыныштыларын өзіңде қалдыр. Жігітің сенің бар сырыңнан хабардар сияқты сезімде болсын. Тіпті жай ғана ұсақ-түйекті айтып жатқанда да оны бір құпия сияқты әңгімеле. Ал ол саған бірдеңе айтып жатқанда шындық екенінде күмәнің болмасын. Егер тек жігіттермен ғана (!) бильярд ойнадым десе, яғни солай болғаны.

4. Оның мықтылығына күмәнданба – тіпті ескі тоңазытқыштан көлік жасаймын десе де оның қиялына таңданыс білдір.

5. Оның қызығушылығын сыйла – егер ол таңды Рамштайнның музыкасымен атырғысы келсе, саған ұнамайтындығын айтып қыңыр болма. Париждің орнына Аляскаға барғысы келсе, ашуланбай киімдеріңді жолға дайында.

6. Қожайын бол – онымен тіпті өмір-бақи тұруды ойламасаң да, өзіңнің әйел екеніңді ұмытпа. Оның жақсы көретін тағамдарын даярла, жұмысына тамақ салып бер және «Аштан өлгелі тұрмын!» деген проблемаларына «Қазір бәрі дайын болады!» деп жауап қат.

8. Керек кезде жоғала біл – жұмысы көп кезде қайта-қайта хабарлама жіберіп, ашуына тиме, неге 3 рет жаман қарадың деп миын жеме. Ол саған керек кезде өзі көмек сұрай алатындай болсын.

9. Әлсіздігіңді таныт – одан көмек сұраудан аянба. Мысалы, былай деуге болады: «Интернеттен қарай салуыма болар еді, бірақ алдымен сенен сұрап алсам дедім... сен бәрін білесің ғой...» Және әрдайым көмегіне рақымшылығыңды білдір.

10. Оған да әлсіз болуға мұрша бер – өмірінде болып жатқан қиыншылықтар мен сәтсіздіктерде ол саған келіп, шағым айта алатынына сенімді болуы керек. Ал сен өз кезегінде оны анасы сияқты оны жұбатып, ақыл айта алу керексің.

11. Өз-өзін жетілдіруіне кедергі болма – егер жігітің өз саласының нағыз маманы болғысы келсе «Тағы осы үшін кездесе алмаймыз» деген сияқты шағымыңды жаудырма. Жігітің оның амбициясына бола сенің бақытсыз болып жүргеніңді көрмеуі тиіс.

12. Оның қыздармен араласуына тосқауыл қойма – оның құрбыларын жамандап, тіпті оған ғашық қызды білсең де, жынданып шықпа. Тіпті астына көпшік қойып «Сен оған ұнайтын сияқтысың» деп еркектік тартымдылығын еселендіріп қой. Сонымен қатар, оңға-солға жалтақтағаны үшін шу шығаруды қойсаң, өз сұлулығыңа деген сенімділігіңді арттырасың.

13. Әр адам сүйгенде, сүйікті болғанда бақытты – сондықтан оған «Мен сені сүйемін» деп қана емес, «Сенімен сондай бақыттымын, жаным!», «Мені сүйгеніңнен сондай бақыттымын!» деп те айтып тұрыңыз. Сені бақытты етуіне ықпал ет. Сені жақсы көріп қалғаны үшін өзін бақытсыз санамауы тиіс, керісінше қарым-қатынастарыңнан тек ләззат алатын болсын.

Әрбір табысты еркектің артында оны шексіз сүйетін әйел тұратындығын ұмытпа!

Суреттер: photo.99px.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina