- Негізгі бет
- Психология
- Күйзеліске ұшыраған адамның...
Күйзеліске ұшыраған адамның шашы жиі түседі
Күнделікті күйбең тіршілікте күйзеліске ұшырайтын жандар қаншама. Бірі – дер уақытында жеңіп шықса, бірқатары ұзақ уақыт қиналып жүреді. Ал көп уақыт күйзелген адамның шашы түсетіні туралы естіген бе едіңіз?
Күйзеліс – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан шаршауы. Канада ғалымы Ганс Селье айтпақшы, «толық күйзелуден құтылу – өлім». Сондықтан да адамдардың күйзеліске ұшырауы – жазылмаған заңдылықтың бірі, адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен күйзелістің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
Жақында Филадельфия университетінің зерттеушілері ерекше тәжірибе жүргізіп, күйзеліске ұшыраған адамдардың шашы түсіп, тері ауруларына шалдығатыны туралы қорытынды шығарды. Арнайы психологтармен жұмыс жасаған зерттеушілер 400 студентті күйзеліс деңгейлеріне сәйкес топтарға бөлген. Нәтижесінде қатты күйзеліске тап болған жандардың терісі бөртіп, қышитыны анықталған. Зерттеушілер мұндайда бірінші дәрігерге бармай, психологқа көріну туралы кеңес беріп отыр. Сондай-ақ, күйзеліске ұшыраған адамның шашы жиі түседі екен.
Н. Үсенова