Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: Сіз қандайсыз? #2

Тест: Сіз қандайсыз? #2

Тест: Сіз қандайсыз? #2

Осыған дейін күйзеліс дәрежесіашушаңдық, болашақ өмір жөнінде бірнеше тест жариялаған едік. Кезекті материалымыздың шарты мынадай. Суретке қарап, көзіңізге бірінші түскен бейнеге зер салыңыз. Реттік нөміріне сәйкес мәтіннен өзіңіз жөнінде мәлімет алыңыз.

БАСЫ

5. Өмірге тура қарайсыз, өз ісіңіздің шеберісіз. Тіршіліктің ағымынан қалыс қалмайсыз. Кез келген жетістікке өз күшіңізбен жетуді мақсат тұтасыз. Барлық мәселені оңай да тез шешесіз. Қоғамдағы құбылыстарға артық та емес, кем де емес, нақты, шынайы көзқарас қалыптастырғансыз. Сізге жұмыста да жауапкершілігі мол, сенімді адам ретінде зор үміт артады. Ішкі рухыңыздың күштілігі өзгелерге дем береді. Бастаған істі аяғына жеткізбейінше тыныштық таппайсыз.

6. Сіз өмірге құштар, парасатты жансыз. Адамдармен тез тіл табысасыз және де кіммен қалай сөйлесу керегін жақсы білесіз. Достарыңызбен өте жақсы қарым қатынастасыз, бірақ ешкім жоқ жерде, жалғыздықта, еркіндікте болған жаныңызға жайлырақ. Уақыт өте келе оңашада ойыңызды жинақтап, миыңызды тынықтыру үшін бәрінен алшақтап, біраз уақыт жалғыз болуға тура келеді. Сізге кеңістік жетіспейді. Бірақ, бәрібір сіз жалғыз емессіз. Сіз өз өзіңізбен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүресіз. Қолда барыңызды бағалаңыз.

7. Өз күшіңізге сенімді адамсыз. Жылдам сезу түйсігіңіз өз қадіріңізді білуге көмектеседі. Бірте-бірте айналаңызда тек шын жанашыр адамдар ғана қалуын қадағалайсыз. Өміріңізде ең маңызды рөл ойнайтын дүние – мәдениет. Көпшілік бас ие мойындайтын сәннен бөлек, кербез де керім стиліңіз қалыптасқан. Өмірге көңіліңіз толады.

8. Романтикаға бейім, арманшыл, эмоцияға берілгіш адамсыз. Өте сезімтал жаратылыс деп сізді айтуға болады. Әр нәрсенің тиімді тұсын көруге тырысасыз. Жүрегіңіздің әмірі бәрінен маңызды. Ең бастысы, үлкен арман қойып, соған жету. Сізге тек ақылымен жұмыс істеп, сезімге ерік бермейтін адамдар қызық емес. Ерік пен сезім қаламаған нәрсені қабылдамайсыз.

9. Нағыз ширақ, серпінді, экстраверт кісісіз. Тәуекелге бел бууға бейімделгенсіз. Қызықты, әртүрлі істерді байқап көруді қалайсыз. Күнделікті қайталана беретін жұмыс сізді жансыздандырып жібереді.


Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: fotokto.ru
Қосылған күні: 04 қараша 2015, 17:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.