Кикілжіңнің алдын алғыңыз келсе...

Кикілжіңнің алдын алғыңыз келсе...
Фото: Изтелеуов Жанарыс

Ұрыс пен айқайдың арты жақсылыққа апармайды. Бірі осындайдан кейін дәрі ішіп, тынышталып жатады. Екіншісі көңіліне алмауы да мүмкін. Бірақ жақын адамыңызбен ренжіскен соң қайта татуласпауларыңыз мүмкін ғой. Жанжалдасқан соң бет көріспей кететін адамдар да болады. Сондықтан мұндай жағдайларды алдын алған жөн. Төменде ең өтімді тәсілдерді келтірдік. Олар кәдеңізге жарап қалар деген ойдамыз.

1. Қиындықты бірден шешіңіз

Күнделікті өмірде біреумен жәй ғана ренжісіп қалсаңыз да, «кейін сөйлесеміз» деген ойдан арылыңыз. Оңтайлы сәтті күтудің қажеті жоқ. «Темірді қызып тұрған кезде бас» демекші, кикілжіңді бірден шешіп, татуласуға тырысыңыз.

2. Мақтамен бауыздау

Өзімізден бұрын өзгеге сын айтуға құмармыз. Егер айтар сөзіңіз екінші бір адамды ренжітіп, тіпті, ашуға булықтыруы мүмкін екенін білсеңіз, айтар ақпаратты жайлап жеткізуге тырысыңыз. Сынды көңілге тимейтіндей айтыңыз.

3. Барынша сыпайы болыңыз

Қоғамдағы жанжалдасқыш адаммен сөйлескен кезде, төзімділік пен табандылық танытқаныңыз жөн. Өз ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізуге тырысыңыз. Мұнымен қатар, қарсыласыңыздың ашуланып үлгеруіне жол бермеу үшін жылдам сөйлеңіз әрі нақты детальдарды ғана айтуға тырысыңыз.

4. Өзіңізді азғыруға жол бермеңіз

Бұл да - маңызды мәселелердің бірі. Мұндайда жанжалды тудырушы адамның сөзі мен әрекеттеріне мән бермеуге тырысыңыз. Оған агрессиялық жауап қайтармау үшін өміріңіздегі көңілді сәттерді еске түсіріңіз.

5. Көпшіліктің пікіріне сүйену

Осы психологиялық тәсілге жүгіну арқылы жанжалдың алдын аласыз әрі қарсыласыңыздың пікірін тыңдаудан бас тартасыз. «Көпшілік не десе, мен қосыламын» дегеннен артық шешім жоқ.

Ал сіз адамдармен жиі кикілжіңге келесіз бе? Оны алдын алу үшін не істейсіз?

Қ. Бүйенбай