Мергендер қандай болады?

Мергендер қандай болады?
Фото: Жандос Дінмұхамедов

Мергендер 23 қараша мен 21 желтоқсан арасында дүниеге келген адамдар. Осыған дейін таразы, торпақ,тоқтыарыстанегіздербалықтар мен бикештер туралы жазған едік, енді мергендер туралы аз-кем мәлімет ұсынамыз.

Мерген еркіндікті жақсы көреді. Энергиясы мол, позитивті, үнемі жаңашылдыққа ұмтылатын адам. Өзгерістерден қорықпайды. Қаржы және эмоция тұрғысында шектеуді ұнатпайды. Шығармашыл, оптимист, сөзге шебер.

Бір қалыпты өмір сүргісі келмейді, сондықтан мүмкіндік туса кез келген уақытта жаңа жерге көшіп, басқа жұмысқа ауысар еді. Ешкімге ұқсағысы келмейді.

Мансап

Мергендер қызметін толық атқарады әрі демалып та үлгереді. Бірдей күндерді ерекше ету үшін уақыты мен идеяларын аямайды. Өмірдің берер барлық сыйын құшақ жая қарсы алуға дайын.

Махаббат

Ер-мерген «бәріне ұнайтын» мінсіз әйелді іздейді. Ал әйел-мерген өзіне қамқор, қорған болатын ерді іздейді. Оның жүрегін жаулау оңай емес. Мергендер бір қалыпты қарым-қатынастан тез шаршайды, сондықтан арасында дау тудырып, жанжал шығарып тұрады. Сүйіктісінің көңілін аулау үшін тосын сый жасап, қуантып тұрады. Өзін де таңғалдырып тұрғанын қалайды.

Достық

Бұл жандар адам көп жерде жүруді ұнатпайды. Уақыт өте келе даналығы мен көп көргенінің арқасында өзгелерге тұщымды кеңес беріп, қолдау көрсете алады. Мерген – нағыз философ. Ол жанындағы адамға «жан бітіріп», табыс пен бақытты болудың маңызын миына сіңіруі екеніне сендіреді.

Жұлдыздарға тән қасиеттерді өзгерту әркімнің қолынан келеді. Сол себепті өмірде, жұмыста бөгет жасайтын әдеттерден арылып, жақсы қасиеттерді дамытуға тырысыңыз.  

Ф. Абилова