Темекіні тастауға көмектесетін шай

Темекіні тастауға көмектесетін шай
Фото: sovdok.ru

Зиянды әдеттермен күресуге табиғи шөптерден жасалған дәмді әрі пайдалы шайлар көмектеседі. Әсіресе, шілтер жапырақ шайқурай мен қазанақ немесе саз қазанақ деген түрлері темекіні қоюға көмектеседі. Аталмыш дәрілік шөптерден бір-бір ас қасықтан алып, 800 грамм қайнаған суға салып, ішуіңіз керек.

Шайды мынадай жолмен дайындайды:

Шөп қоспасының үстіне қайнаған су құйып, 20 минут баяу жанып тұрған отқа қойып қайнатыңыз. Содан кейін қайнатпаны 3 сағатқа қалдырыңыз. Дайын болған соң дәміне байланысты қайнаған су араластырып іше беруіңізге болады. Ең бастысы шайыңыздың тым тәтті және ащы болмағаны дұрыс.

Дәрігер мамандардың айтуы бойынша, мұндай шай тек зиянды заттарды қойдыртып қана қоймайды, сонымен қатар өкпеңізді тазалап, тәбетіңізді ашады. Ол ішкі органдарыңыздың жұмысын жақсартып, бет теріңізді тазалап, тартымды ететін де қасиеті бар. Оның басқа шайлардан ерекшелігі әдемі қызыл түсі мен жанға жағымды хош иісінде. Сол себепті денсаулығыңызға кері әсерін тигізетін пайдасыз заттардан арылғыңыз келсе, осы шайды демдеп ішуіңізге кеңес береміз.

Ж. Исакаев