Торпақтар қандай болады?

Торпақтар қандай болады?
Фото: Григорий Борисов

Торпақтар – 21 сәуір мен 21 мамыр арасында дүниеге келген адамдар. Осыған дейін тоқтыарыстанегіздербалықтар мен бикештер туралы жазған едік, енді торпақтар туралы аз-кем мәлімет ұсынамыз.

Торпақтар - сабырлы, үлгі боларлық жандар. Оларды ашуландыру оңай емес, дегенмен ашуын шақырсаңыз, өкініп қалуыңыз әбден мүмкін. Ыза, реніш сынды сезімдерді ішіне жинап, бір күні бәрін шығарады.

Торпақтар «өз үйім – өлең төсегім» деген ұранмен өмір сүреді. Шаңырағын бірінші орынға қойып, ойын-сауық орталықтарына, қонаққа барғанды ұнатпайды.

Айналасындағы адамдардың назарын өзіне аударуға ұмтылмайды. Дегенмен серіктері торпақтың сабырлы, тұщымды ойын тыңдауға әрдайым әзір. Жарына адал болады. Достарына көмектесіп, кеңес айтып, қиын жағдайда демеу болуға дайын.

Шешімін өзгертпейді. Айтқанынан қайтпайды. Бірақ айналасындағы адамдардың көңілін ойлап, ренжітпеуге тырысады. Бұл – олардың ең жағымды қасиеттерінің бірі.

Торпақтар ойын, шешімін, пікірін дұрыс деп сенеді. Бастаған ісін тастамай, мақсатқа жетуге барын салады.

Мансап

Торпақтар – нағыз мамандар. Еңбекқорлық пен ақылдылығы мансап жолында үлкен көмек көрсетеді. Табысы мен жетістіктерін мақтан тұтады. 

Махаббат

Ер торпақ - нәзікжанды, сабырлы адам. Романтиканы жақсы көреді. Сүйіктісінің қиындықтарын шешіп, бақытты етуге тырысады. Өзінің сезімін бағалайтынын сезіну ол үшін өте маңызды. Егер махаббаттан көңілі қалса, әйел затына сенуге болмайды деген ұстанымға берік болады. Бұл жанды қайта «романтикалық» күйіне қайтарып, сендіру қиынға соғады.

Әйел торпақ тосын сый мен шынайы сезімді бағалайды. Әдетте оған бірнеше жігіт сөз айтып, гүл сыйлап, назарын аулауға тырысады. Алайда егер торпақтың назары бір жігітке ілінсе, өзгелеріне мүлдем қарамайды. Бір адамды таңдаса, бар ойы сол жайында болады.

Достық

Торпақтар құрбы-жолдастарына адал дос. Оның сенімін ақтап, жақын дос атану қиын. Толық сене алатын адамнан басқа ешкімді маңына жолатпайды. Сатқындық немесе өзін алдаған адамды кешірмейді. Досымен отырып, сөйлесіп, сырымен бөлісе алады. Жақындарын қызғануы мүмкін. Өзгенің қысымына төзбейді. Өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысуға мәжбүрлейтін адамды жауымен тең санайды. Кез келген бұйрыққа қарсы шығады. Тек жылы, жай сөзбен айтылған сұрау-ұсынысты қабылдайды.

Жұлдыздарға тән қасиеттерді өзгерту әркімнің қолынан келеді. Сол себепті өмірде, жұмыста бөгет жасайтын әдеттерден арылып, жақсы қасиеттерді дамытуға тырысыңыз.  

Ф. Абилова