Әлеуметтік желінің әлеуеті

Әлеуметтік желінің әлеуеті

Әлеуметтік желілерде жиі отыру салдарында қандай нәтижеге жеттік? Назарларыңызға шындыққа жанасатын фактілерді ұсынамыз:

1. Парақшаңызды тексермей отыра алмайсыз

«Хат келген шығар? Қызықты постты жіберіп алсам ше? Біреудің инстаграмындағы суретін көрмей қалармын» деген оймен әлеуметтік желілеріңіздің бірінен соң бірін ақтарып жатасыз. Шын мәнінде сіз жоғарыда аталған ойлардың жетегінде емес, кірмей отыра алмайтындықтан кіресіз.

Зерттеушілердің жүргізген сауалнамасы бойынша 80 пайыз адам тәулігіне бір рет парақшасын тексермесе отыра алмайтынын мойындады. Ал сол адамдардың 1/3 бөлігі әлеуметтік желілерді жиі парақтап отыратынын және аккаунттарына бір нәрсе болып қалатынын уайымдайтынын айтты. Әлеуметтік желілерге деген тәуелділік темекі шегу әдетімен бірдей саналады екен.

2. Әлеуметтік желілер сізді қызғандырады

Қызғаншақ аруларымыз себепсіз қызғанатын ыңғайлы әрі жеңіл әдіс тапты – әлеуметтік желілер. Жігітінің достар тізіміндегі бейтаныс қыздар, оларға қойылған «лайктар», тізім басына көтеріліп кеткен қыз – бәрі жаңа ұрыс бастауға себеп. Қыздардың енді нағыз детектив атануларына болады!

Көп жағдайда қызғаныштың еш мәнісі жоқ болып шығады. Статистика бойынша АҚШ-та болатын 5 ажырасудың біреуіне, ал Ұлыбританияда 3 ажырасудың біреуіне фэйсбук желісі себепші болады екен. Бұл – өте қорқынышты көрсеткіш.

3. Әлеуметтік желілер жұмысыңызда көмекші

Көптеген жұмыс беруші қызметкерлерінің компьютерлеріне әлеуметтік желілерге шығу мүмкіндігіне шектеу қояды. Ал психологтардың бұған қарсы. Себебі жұмыс барысында әлеуметтік желіні пайдаланатын адамдар басқаларға қарағанда 9 пайыз жақсырақ жұмыс істейді екен. Әлеуметтік желіге қысқа үзіліс жасап, демалып алу керектігін айтады. Бірақ тек қысқа уақытқа!

Жалғасы бар...

Сурет: m2mzona.hu

Ұқсас жазба:

Хоббиіңізді анықтау үшін...

Ф. Абилова