Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қызмет жолында көтерілудің тоғыз жолы

Қызмет жолында көтерілудің тоғыз жолы

Қызмет жолында көтерілудің тоғыз жолы

Қызмет жолында көтеріліп, табысты болам десеңіз келесі кеңестерімізге назар аударыңыз.

Жаман әдеттерден арылыңыз!

Жұмыста тырнағыңызды тістемеңіз, шашыңызды аузыңызға салмаңыз, сағыз шайнамаңыз, күбірлеп сөйлеп, өзгенің мазасын жөнсіз алмаңыз т.с.с. өз бойыңыздағы бұрыс қылықтардан арылыңыз.

Қол ұшын созып, көмекке келіңіз!

Өзіңізді ғана ойлап қана қоймай, жұмысыңыздан қолыңыз босаған кезде жаныңыздағы әріптесіңізге көмектесіңіз. Оған ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар беріп, жәрдемдесіңіз. «Адам күні адаммен» дегенді естен шығармаңыз.

Кәсіби біліктілігіңізді арттырыңыз!

Егер де сізге басқа міндет жүктеліп жатса, еш ойланбастан өз міндетіңізді өзгеге тапсырып, жаңа тапсырмаларды орындауға ұмтылыңыз. Кейбір жандар жаңа іске кірісуге жүрексініп, әу баста міндеттелген тапсырмаларды ғана орындаумен жүре береді. Жаңа тапсырмаларды орындауға кірісу арқылы сіз өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді арттырасыз.

Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады!

Жан-жағыңыздағы жандармен әрдайым жылы қарым-қатынаста болыңыз. Міндетті түрде, оларға өзіңіздің жеке басыңыздағы жағдайлармен бөлісіп, сырыңызды айту керек емес. Алайда, барлығымен әрдайым сыпайы болып, қуаныш пен қайғысына ортақтасып жүріңіз. Ешуақытта өзгені жамандап, қаңқу сөздердің таралуына жол бермеңіз. Сондай-ақ, өз ортаңыздағы мәселелерді сыртқа шығарып, ол туралы өзге ортадағы әріптестеріңізбен сөз қозғамаңыз.

Уақытты бағалаңыз!

Жұмысыңызға уақытылы келіп, бар тапсырманы өз уақытысында орындаңыз. Егер де жұмысым нәтижелі болсын десеңіз, оған бар күшіңізді салып, жауапты қараңыз. Уақытты қадағалай отырып, сіз өз ісіңізді тыңғылықты әрі сәтті орындап шығасыз.

Салғырттыққа жол жоқ!

Әр мекеменің өз заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ұстанып, әдептілікті сақтаңыз. Кездесу, жиналыстарда өзгелермен бірге өзекті мәселелерді талқылап, өз ойыңызды білдіріңіз. Белсенділік танытпай, қызығушылық білдірмей, жан-жағыңызға қарап, телефонмен хабарлама жазып я ойын ойнасаңыз өзгелер сіздің жұмысқа деген салғырттығыңыздың бар екенін аңғарады.

Жан-жақты болыңыз!

Қызмет жолында жан-жақты болуға ұмтылыңыз. Кәсібіңізге байланысты соңғы жаңалықтарды, жаңа ақпараттарды, қосымша мәліметтерді оқып, онымен өзгелермен бөлісіңіз.

Өзгені де құрметтеңіз!

Әріптестеріңіз өз ойын білдіріп жатса, мұқият тыңдап, онымен де санасыңыз. Сондай-ақ, әріптестеріңіздің жеке бас мәселелерін қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарына қол сұқпаңыз. Оның телефонының қанша тұратынын, неліктен ұзын сырға тағатынын, неліктен тұйық я пысық екенін сұрап, оның жөнсіз мазасын алмаңыз.

Ықылас білдіріңіз!

Әрдайым қызметке қатысты ойларыңызбен бөлісіп, ісіңізді жақсы атқаруға ұмтылыңыз. Сіздің жұмысқа деген ынтаңызды көрген басшылық сізді байқап, мәртебеңізді көтереді. Ықыласыңыз болмаса, сіздің өрге қарай домалауыңыз екіталай.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: zaospk.ru, interactive.nomos.ru

2765 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 шілде 2012, 10:01
Пікірлер
+0
27 шілде 2012, 10:29

жұмыс - екінші үйің )

+0
27 шілде 2012, 10:59

Өзгені де құрметтеңіз!

+0
27 шілде 2012, 12:29

Жылы-жылы сөйлесең жылын інінен шығады - осы сөзге қайранмын))))

+0
27 шілде 2012, 15:20

Салғырттыққа жол жоқ!, Өзгені де құрметтеңіз! дұрыс айтады

+0
02 тамыз 2012, 13:32

Жан-жақты болыңыз! Ықылас білдіріңіз! Уақытты бағалаңыз! - өте дұрыс :!: :!: :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...