- Негізгі бет
- Психология
- Жігіттер қыздардың қандай...
Жігіттер қыздардың қандай қасиеттерін ұнатпайды?
Кез келген адамның бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бір адамның қасиеті біреуге жақса, енді бірі мүлдем ұнатпайды. Осы секілді жігіттердің қыздардың бойындағы ұнатпайтын қасиеттері бар екен. Олар төмендегідей.
1. Басқа қыздарға қарап, олармен сөйлескен кезде ашулану
Жігіттер табиғатынан сұлулыққа қызығады. Егер оның бұл қылығына бола ренжісеңіз, өзіңізді ол сұлу қыздардан төмен санағаныңыз. Біріншіден, өзіңізді бағалай біліңіз. Нағыз азамат өзін бағалай білетін қыздың жанында болады. Ең бастысы, мұндай қыз қасында болған кезде артық қылық жасамайды. Екіншіден, араларыңыздағы сенім мәселесіне назар аудару керек секілді. Сіз оған сенесіз бе? Осы туралы ойланып көріңіз.
Кей жігіт сіздің назарыңызды өзіне аударту үшін әдейі қызғандыруы мүмкін. Қызғаныш – сезімді өлтіреді. Одан арылғаныңыз жөн.
2. Сіз оның еркіндігін шектейсіз
Жігітіңіздің көңіл-күй болмаса, қатты ашуланып тұрса, оны жалғыз қалдырғаныңыз жөн. Олар қыздар секілді емес. Ішіндегі сезімін көп адамға айта бермейді. Егер керісінше жасайтын болсаңыз, айырылысуларыңыз да ғажап емес.
3. Сіз босаңсып кеттіңіз
Кез келген жігіт жанында жүрген қызының сұлу болғанын қалайды. Ал қыздар керісінше мені таңдаған екен, ешқайда кетпейді деп ойлайды. Сіз де осы қыздардың қатарынан болсаңыз, қатты қателесесіз. Сұлу болу үшін тонна косметика жағып, түрлі-түсті, қысқа киімдер киюдің қажеті жоқ. Денені таза ұстап, өзіңізге жарасымды киім кисеңіз жеткілікті.
4. Жігітіңіз – өміріңіздің мәні
Ия, расымен де, қыздар сезімге тым қатты беріледі. Сүйіктісімен бірге өткізетін болашақ өмірлері туралы жиі ойлап, армандайды. Тіпті қуынышы мен қайғысын бірге бөліскен құрбыларын да ұмытып кетеді. Оларды жігітімен ренжіскен кезде ғана есіне алады. Мұндай қыздарға жігіттердің жаны ашиды.
5. Сіз ашуланшақсыз
Кей қыз өзі ашуланып қана қоймай, сүйіктісін ашуландырады. Олар «не болды?» деп сұраған кезде «ештеңе» деп жауап беретін болсаңыз, бұрынғысынан бетер ашуландырасыз. Әрине іштей не болғанын қайта-қайта сұрап, бізге қамқорлық көрсеткенін ұнатамыз. Алайда бұл әдетіңізді қайталай беретін болсаңыз, бір күні сізден кетіп қалуы мүмкін. Бірнәрсе ұнамаса, мұны бетпе-бет тұрып, ашып айтыңыз!
Ал сіздің бойыңызда осы қасиеттер бар ма?
Қ. Бүйенбай