Жігіттер қыздардың қандай қасиеттерін ұнатпайды? - 2

Жігіттер қыздардың қандай қасиеттерін ұнатпайды? - 2
Фото: Игорь Назаренко

Кез келген адамның бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бір адамның қасиеті біреуге жақса, енді бірі мүлдем ұнатпайды. Осы секілді жігіттердің қыздардың бойындағы ұнатпайтын қасиеттері бар екен. Олар төмендегідей.

6. Сынды орынсыз айтасыз

Біле білсеңіз, бұл өмірде мінсіз адам жоқ. Тіпті сіздің сүйіктіңіздің бойында кемшіліктер бар. Сүрінсе мінеп, оның өзгергенін қалайсыз ба? Олай болса, «Мен сенің … осылай жасағаныңды ұнатамын» деген сөздерден бастаңыз.

7. Сіз оны дұрыс бағаламайсыз

Оның нені дұрыс немесе қате жасайтынана мән беруді қойғаныңыз жөн. Оны жасаған істері үшін мақтап отырыңыз. Ол сізден жақсы сөздер естіген сайын, сізге ғашық бола түседі.

8. Үнемі ұрсасыз

Ұрысқақ қыздарды жігіттердің барлығы ұнатпайды. Кез келген жігіт көңілді, әрдайым күлімсіреп жүретін қыздарды ұнатады. Сондықтан әрдайым бақыттың құшағында болыңыз.

Үнемі жігітіңізді төмен түсіріп, оның орынсыз әрекеттерін бетіне баса беретін болсаңыз, оны жоғалтып алуыңыз мүмкін.

9. Сіз оны өзгертуге тырысасыз

Көп қыз жігіттің бойындағы кемшілікті жақсы білсе де, ары қарай кездесіп жүре береді. Барлығы уақыт өте келе өзгеретін шығар деп ойлайды. Егер шын сүйсеңіз, оны осы күйінде қабылдаңыз. Ол бай болсын, кедей болсын, ең бастысы, жүрегінде сізге деген махаббаты бар.

10. Оған көңіл бөлмеу

Үнемі сүйіктімізден сыйлық алып, осы үрдіс жалғаса берсе екен деп ойлаймыз. Алайда олар да жылы сөздер естіп, біздің қамқорлық танытқанымызды, дәмді тағамдар әзірлеп бергенімізді қалайды. Осыны естен шығармаңыз.

Қ. Бүйенбай