Балалар бақытты қалай түсінеді?

Балалар бақытты қалай түсінеді?
Фото: Юлия Сидоренко

Бақытты болуды әркім өздігінше түсінеді. Оның не екенін анықтауға бар әлем ғалымдарының, ойшылдары мен ақындарының, жазушылары мен ғұламаларының қауқары жетпейді десек те болады. Олар қатар отырып, ой қосса да, бұл сұрақтың жауабын таба алар емес. Ал балақайлар бақыт сөзін қалай түсінеді екен?

«Бақыт деген - анашыңмен бірге болу», - дейді Хишам (Мысыр, Каир, 10 жаста)

«Бақыт деген – бұл шоколад», - дейді Миша. (Украина, Киев, 7 жаста)

«Бақыт деген – иттеріммен бірге ойнайтын сәт», - дейді Бруна. (Бразилия, 11 жаста)

«Бақыт деген – мектептен кейін сыныптастарыңмен асыр салып ойнау», - екенін Эма жасырмады. (Швеция, Стокгольм, 10 жаста)

«Бақыт деген – күн сайын сурет салу», - екенін мойындады Ван Ижань. (ҚХР, Шанхай)

«Бақыт деген – жаныңдағы адамдарды қуанту», - дейді Махеу. (Канада, Торонто, 14 жаста)

«Бақыт деген – көп ойыншыққа ие болу», - дейді Сериот. (Бразилия, 8 жаста)

«Бақыт деген – жақсы көретін адамдарыңмен бірге болу», - деді 14 жасар Фатима. (Иран, Карачи).

«Бақыт деген – ата-әжеңнің қойнына ұйықтау», - дейді Архат. (Қазақстан, Алматы, 8 жаста)

«Бақыт деген – анашымның киімдерін киіп, косметикасымен ойнау», - деп Томирис өз тілегін білдірді. (Қазақстан, Семей, 9 жаста)

Бала үшін шоколад толтырылған себеттің өзі бақыт. Өкінішке орай, жасымыз ұлғайған сайын осы себепттің көлемі деп ұлғайып, майда сыйлықтарға қуанбаймыз. Ал балалардың кәмпит, отбасы, достар сынды қалауларын орындау өте оңай. Олай болса, бүгін оларды неге қуатпасқа?

Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз! 

Қ. Бүйенбай