Стереотипті бұзған жігіт туралы

Стереотипті бұзған жігіт туралы
Фото: Думан Қасым

Стереотип дегеніміз – оқиғаларға, адамдарға қатысты халық арасында қалыптасқан жалпы түсінік.

Кейбір стереотиптер өмір сүру салтын түбегейлі өзгертеді. Тағы бірі біздің ойлауымызға әсер етеді. Біреудің сөзін он адам тыңдайтын болса, ол мейлі шын, мейлі жалған болсын, әлгі 10 адам оны ары қарай дамытып, таратады. Стереотип солай қалыптасады.

Бір 30 жасар жігіт отбасымен бірге ата-анасынан бөлек тұратын. Ол жастау кезінде көп қыдырып, талай бұзықтық жасап, тіпті қол-аяғына татту салып алған еді. Жігіттің көршілері ол жайлы сыртынан «жынды, ессіз, әйелін екіқабат етіп алды, баласы да жабайы болып өседі, тәрбиесіз» деп айтатын.

Бірнеше күн бойы әлгі жігіттің әрекетін бақылағанда, мынадай жайттар анықталды:

– Бір күні әлгі жігіт баласымен бірге дүкеннен үйге қайтып келе жатқан еді. Баласы кәмпиттің қабын ашып, жерге тастады. Әкесі тоқтап, қабықты нұсқап, былай деді: «Балам, көтер де, қоқысқа таста. Тазалық әр адамның өзінен басталады»;

– Бірде әлгі жігіт кіреберістің алдында кілт іздеп, телефонмен сөйлесіп тұрғанда баласы таяқ ұстап, аулада жүрген мысықтың артынан қуа жөнеледі. Жігіт мұны көріп, баласын жанына шақырып алып, мынаны түсіндірді: «Сен үлкенсің, күшің де көп. Ал ол кішкентай және әлсіз. Мықтылар әлсіздерге қорған болуы керек. Сенің артыңнан 5-сынып оқушысы таяқ алып қуса, жақсы ма?»;

– Әкесі мен баласы серуеннен келе жатқан болатын. Батпырауығын сындырып алған баланың көзіне жас толды. Сонда әкесі "кешке бірге отырып, жөндеп аламыз" деп уәде берді. Бала сабасына түсті. Кешкісін екеуі бүтін батпырауықпен далаға қайта шықты;

– Демалыс күні әлгі жігіт велосипедін шұқылап, бір нәрсе істеп, баласына әр ісін түсіндіріп жатты. Балақай соның бәрін қайталап, көзі жарқырап, құлақ аса тыңдап отырды. Баланың сол уақытта бақытты екені жүзінен білінген еді. 

Міне, бұл оқиға стереотип туралы мыңдаған дәрістерден артық. Өмірлік тәжірибе қашан да ең жақсы дәлел болып саналады. Ең бастысы, стереотиптерді елемей, адамдардың қасиеттерін көре білу керек.

Ал сізге оқиға әсер етті ме?

Ұқсас жазбалар:

Жігіттер болашақ жарын қалай таңдайды?

Стереотиптің жағымсыз жақтары қандай?

Ф. Абилова