- Негізгі бет
- Психология
- Бойжеткен кімге қарап...
Бойжеткен кімге қарап бой түзейді?
Қызына қырық үйден тыйым қылған қазақ қыз тәрбиесіне баса назар аударады. Оң жақтағы қызын қонағындай сыйлап бар жақсыны соның бойына құяды. Өйткені «Жақсы қыз өсіріпті» деген мадаққа ие болғысы келеді. Бұл – бар ата-ананың арманы. Жалпы, бой жетіп, бөтен босаға аттауға дайын отырған қыз кімге қарап бой түзеуі керек?
Ең бірінші – анасына. «Анасына қарап қызын ал, табағына қарап асын іш» дейтін қазақ қыз тәрбиесінде ананың орны ерекше екендігін айтып отырады. Есті қыз анасының ақылын өз аузынан айтқанын күтпейді. Оның отбасындағы отаналық қызметі мен сол үйдегі міндеттерін үнсіз көріп жүріп-ақ бой түзейді. Ана болған соң өз анасының жағымды қылықтарын қайталауға, әйелдік міндетті дұрыстап атқаруға тырысады.
Екінші – тұрмыс құрған әпкесіне. Тұрмысқа шығып, отбасылық өмірдің дәмін татқан әпкесінің отбасындағы іс-әрекеті мен қарым-қатынасын қалт жібермей, өзіне керек жақсы жақтарын түртіп алады.
Үшінші – жеңгесіне. Үйіне түскен жеңгесінен болашақ өзін көріп, оның осы үйде өзін-өзі қалай ұстап, өзгені қалай сыйлайтындығын өз көзімен көріп жүрген бойжеткен жеңгесіне қарап бой түзей алады. Өзі де келін болғанда қандай міндеттерді мойнына артатынын ойлайды. Жеңгесінің орнына өзін қойып көріп, болашақ келіндік өмірге дайындалады.
Ұқсас жазбалар:
Анасы қызына мына кеңестерді айтуы керек
А. Әбілхан