Ер адамнан үнемі сыйлық алып тұрғыңыз келсе...

Ер адамнан үнемі сыйлық алып тұрғыңыз келсе...
Фото: Владислав Кершман

Кейбір қыз-келіншектерге ерлері себепсіз сыйлық беруден шаршамайды. Ал кейбірі гүлді мейрамдарда ғана алып жатады. 

Егер сіз екінші категорияға жататын болсаңыз, қамықпаңыз. Себебі кез келген ер адамның бойында жомарттық қасиеті бар, тек әйел адам сол қасиетке жан бітіре білуі керек.

Қалайша?

1. Шын жүректен қуану

Неліктен біз кішкентай балаларға сыйлық бергенді ұнатамыз? Себебі олар шын жүректен қуанып, мәз болады. Балақайдың жүзіндегі қуанышты қайта көру үшін біз сыйлық сыйлауға құмармыз. Бұл орайда балалардан үлгі алуға болады. Егер сіз еріңіздің кішігірім болса да сыйына ерекше қуаныш білдірсеңіз, ол өзі де соған қуанып, тағы да сый бергісі келеді. Алайда өтірік қуанудан аулақ болыңыз, ер адамдар мұндайды сезеді. Кез келген әйел заты (қанша жаста болса да) кішкентай қыздың рөліне кіріп, еркелей алады. Олай болса, балаша қуануға да ұялмаңыз.

2. Көмек сұраңыз

Жомарттықтың сенімді серіктерінің бірі – қорғау мен қамқорлық. Егер еріңізді сенімді қорғанға теңей алмасаңыз, себебін өзіңізден іздеуіңіз керек. Мүмкін сіз оған мұрша бермейтін боларсыз? Қазіргі заманда қажеттілікке айналған «темір бикештің» образына кіріп, шыға алмай қалып жатамыз. Әйелге тән нәзіктік пен осалдықтың да маңызы зор екенін ұмытпағайсыз. Сүйіктіңізден көмек сұрауды үйреніңіз. «Өзім істей аламын» деген ішкі дауысыңызды арасында «өшіріп», еріңізден көмек сұраңыз. Сонда ол өзін керек сезініп, сізге қамқор болғысы келеді.

3. Рақмет айтыңыз

Ерінің сараңдығын бетіне басып, ұрсатын әйел оған орнымен рақмет айта алмаса, сүйіктісі одан сайын сараң бола түседі. Егер сіз үшін ақша жұмсасын десеңіз, шын жүректен рақмет айтып отыруыңыз керек. «Сен сондай жомартсың», «рақмет саған» деп жауап қайтарыңыз. Өзінің сыйы мен қамқорлығына бір ауыз рақмет айтпайтын қызына қандай жігіт жомарттық танытады? Шын ниетпен айтылған рақмет пен қуаныш ең үнемшіл деген жігіттің өзін жомарт жанға айналдырады. 

Жалғасы...

Ұқсас жазбалар:

Сүйіктіңізге ақша тапқызудың оңай жолдары

Ажырасудың көбею себебі неде?

Ф. Абилова