Ер адамнан үнемі сыйлық алып тұрғыңыз келсе... #2

Ер адамнан үнемі сыйлық алып тұрғыңыз келсе... #2
Фото: Михаил Хван

Басы

4. Өз қалауыңыз туралы айтыңыз

Ер адамдар астарлап айтқан, жасырынды мәні бар сөздерді түсінбейтін қасиетке ие. Сондықтан оның сараңдығына ызаңызды білдірмейінше, ештеңе түсінбеуі де мүмкін. Өз қалауыңыз туралы айта біліңіз. Алайда, ол «сен маған ештеңе сыйламайсың!», «сен мен үшін ақша жұмсағың келмейді!», «әлемдегі ең сараң адам сен шығарсың», «Назгүлге жігіті 51 раушан гүлін сыйлапты», «Көркемнің жігіті сапарға жолдама алыпты» секілді жазғыру, кінәлау, салыстыру ретінде болмауы керек. Ең жақсы әдіс – өз сезіміңізді жылы сөзбен жеткізу. Мысалы, «мені сыйлықпен жиірек қуантсаң, сондай бақытты болар едім, сенің назарың – мен үшін бақыт!» деуге болады. Өз интонацияңызды да бақылауды ұмытпаңыз.

5. Армандаңыз

Көп жағдайда жігіттің сыйлық беруге құмартпайтынының себебі әйел затының сөздерінен табылады. «Саған не сыйлайын, жаным?» деген сұрағына «менде бәрі бар, ақша құртпа» деп жауап берген күніңіз  болды ма? Онда неліктен бар кінәні жігітке артасыз?

Бұл еріңіздің ниетіне қойылған шектеу деп санаңыз. Оның санасында «бәрі бар қызға сыйлық берудің не қажеті бар?» деген ой сақталып қалады.

Егер үнемі сыйлық алып жататын қыздарға қарап «қалайша?» деген сұрақ қойсаңыз, жауабы айдан анық: олар армандап, бір нәрсені қалаудан жүрексінбейді. Олар ерінің ақшысын санап, қаржы есебін жүргізбейді.

6. Жомарт болыңыз

Жомарттықты тез дамытуға болады. Ең басты білу керек жайт – еріңіз сізге жомарт болсын десеңіз, алдымен өзіңіз жомарт болыңыз. Назарға сараң болмаңыз, уақытыңызды бөліп, жылы сөздер айтып, өз қолыңыздан жасалған дәмді тағамдармен қуантыңыз. Еріңіз сіздің әрекеттеріңізден шабыт алып, дәл сондай жауап қайырады.

Іске сәт!

Ұқсас жазбалар:

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар - 2

Ф. Абилова