Жігіттердің жүрегін жаулау үшін...#2

Жігіттердің жүрегін жаулау үшін...#2

Кез келген ару сұлу әрі тартымды болуды армандайды. Алайда кейбір қыздар табиғатынан сұлу болса да, өз махаббатын кезіктіре алмай жүреді. Осы орайда жігіттердің жүрегін жаулайтын бірнеше әдісті назарларыңызға ұсынамыз.

Бастапқы 5 әдісті мына сілтемеге өтіп, оқи аласыз.

Ызаланбау

Ер адамдар аса белсенді арулардан жүрексінеді. Себебі олар өзін "аңшы", ал нәзік жандыны "олжа" ретінде қабылдайды. Ал оның сіздің жүрегіңізді жаулауға тырысуына бөгет болмағаныңыз жөн. Өз табиғатыңызға сай нәзік әрі сабырлы болыңыз. Қыздың жүрегін жаулауға ұмтылу – қылмыс емес.

Ақыл сайысы

Жігіттердің басым көпшілігіне сәті түскенде білімін көрсетіп, барлық сұраққа жауап беруге тырысатын аруды "жар" ретінде қабылдау қиын. Оны сыйлауы мүмкін, оған бағынуы мүмкін, бірақ онымен қарым-қатынас құруға баруы екіталай. Себебі, өзінен ақылды әйел адамның жанында өзін ақымақ сезінуі оның қоғамда өз орнын табуына кедергі келтіреді.

Әрине, солай екен деп оқу-білімнен безу керек демейміз. Керісінше, оқу, даму керек. Бірақ ол білімді пайдаланып, мақтану емес, пайдаға жарата білу керек.

Қажетсінбеу

"Маған ер адам керек емес" деп өзіңізді де, өзгені де алдаудың қажеті жоқ. Жүрегін жаулау қиын екенін білдіру мен бейжайлық таныту екі түрлі нәрсе. Екінші жағдайда сіз жалғыз қалуыңыз мүмкін. Ал бірінші жағдай өзіңізді шын сүйетін адаммен болуыңыздың кепілі.

Мейірбандылық

Жұртқа қандай болып көрінсеңіз де сүйіктіңіздің жанында шын келбетіңізді көрсете біліңіз. Кез келген ер адам жылы, нәзік, мейірбан, тыңдай білетін әйелмен тұруды мақсат етеді. Ал "темірден жасалған", қатал ару көптің назарына іліксе де, махаббатын тауып, бақытты болуы екіталай.

Бағалау

Өзіңізді бағалай біліңіз. Қаншалықты жақсы көрсеңіз де, бәріне дайын екеніңізді көрсетпеңіз. Егер ол сізге жіті назар аудармаса, өз жолыңызбен кететініңізді жеткізіңіз. "Одан жақсы адамды таба алмаймын" деп қорықпаңыз. Өзін бағалай білетін ару жалғыз қалмайды.

Бақытты болыңыз!

Сурет: ©Сұлтан Ахметов

Оқи отырыңыз:

Жігіттің жүрегін жаулау үшін...

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды? #2

Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?

Ф. Абилова