Табысты болуға дайынсыз ба? #2

Табысты болуға дайынсыз ба? #2

Әдетте, бизнес мамандарына "табысты болу үшін не істеу керек?" деген сұрақ қояды. Олардың бәрі бір ауыздан "алдымен сіз дайын болуыңыз керек" дейді. Ал "дайындық" сөзінің астарында біраз нәрсе жатыр. Солардың біразын алғашқы мақаламызда атағанбыз. Ендігі кезек моральдық/психологиялық дайындыққа келді.

1. Қызғаныш. Табысқа жету жолындағы ең басты кедергі – қызғаныш. Оны билей біліңіз. Сізден гөрі табысты адамдармен тіл табысуға тырысыңыз. Оларды көре алмау сізді кері кетіреді.

2. Кеңестер. Кеңестің қажеттісін пайдасызынан ажырата біліңіз. Адамдардың сөзіне құлақ салар алдында олардың жасаған істеріне, жеткен жетістіктеріне қараңыз.

3. Ақиқат. Мейлінше тек шындықты айтуға тырысыңыз. Біреуге ауыр тиетіндей шындық болса да, оны айту керек.

4. Позитив. Өзгелерді олардың қолынан бәрі келетініне сендіруді әдет қылыңыз. Сонда сіздің энергияңыз жағымды болады. Позитивті қарым-қатынас, кішіпейілділік, мейірім – көптің қолынан келе бермейтін қасиет. Қалай үйрену керек? Алдымен, рақмет айтудан бастаңыз. Кез келген кішігірім көмекке, ізгі ниетке рақмет айтыңыз. Көп ұзамай әсерін байқайсыз.

Сурет: startupcollective.com

Оқи отырыңыз:

Табысты болуға дайынсыз ба?

Жұмыста табысты болудың жолдары

Жұмыста табысты болудың жолдары #2

Жалқаулықты жеңудің ең жеңіл әдісі

Ф. Абилова