- Негізгі бет
- Психология
- Неліктен мақтауды дұрыс...
Неліктен мақтауды дұрыс қабылдай алмаймыз?
Мақтау адамның көңілін өсіреді, қанаттандырады. Алайда кейбір адамдар мақтау естігенде қызарып, ұялып қалады. Мысалы, "көйлегіңіз әдемі екен" десеңіз, көйлегінің жаңа емес, былтырғы екенін айтып, ақтала бастайды. Сіз де бекер айтқандай болып, ыңғайсызданып қаласыз.
Бұл неліктен? Әлде мақтау-мадақтауға өзін лайық санамай ма? Бәлкім сізді мұндайға жас кезіңізден баулымаған шығар, сол себепті қарапайымдылық алдыңғы орында тұрған болар.
Кез келген жанның жақсылыққа ұмтылары хақ. Бірақ жоғарыда келтірілген жалған қарапайымдылық психологиялық жағынан адамға кедергі жасап, өміріндегі оң өзгерістерді тежейді. Сондықтан мақтау айтуға да, естуге де үйренгеніңіз абзал.
Мысалы, «көйлегіңіз әдемі екен» десе, оған алғысыңызды білдіріп, жымиып, өзіне қайтара бір мадақтау айтыңыз. Үйде айнаның алдында дайындық жасасаңыз, артық болмайды. «Адамның күні адаммен» дегендей, осылайша екеуіңіздің араңызда жақсы атмосфера орнайды. Егер бірден бұлай істеу қиын болса, тек жымиып, бас изеңіз. Кейінірек сөз арасында ол кісіге жылы лебізіңізді білдіріңіз.
Алғашында күніне кемінде 5 адамға мақтау айтып үйреніңіз. Күннен күнге көбейте бергеніңіз жөн. Күн сияқты айналаңыздағыларға жан шуағын сыйласаңыз, олар да сізге мейіріммен қарайтыны сөзсіз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, бұл жай мәдениет, этика ғана емес, жақсылыққа жақсылықпен қайтару, рухани дүниеңізді байытып, гүлдендіруге әкеледі.
Сурет: ©Максим Акулов
Оқи отырыңыз:
Болашақ жарым қандай болуы керек? #3
Нағыз әйел затына лайық қасиеттер қандай?
Ф. Абилова