- Негізгі бет
- Психология
- Нағыз әйел затына...
Нағыз әйел затына лайық қасиеттер қандай?
Нағыз әйел затына лайық қасиеттер қандай?
1. Нағыз әйел мақтауды, қошемет сөзді қабылдай біледі. Үнемі жарқырап, жайдары жүреді.
2. Нағыз әйел өзгенің пікіріне тәуелді емес. Шаш үлгісін өзгертіп «Қалай? Не айтасың?» деген сұрақтар қоймайды. Керісінше, «қарашы, әдемі шықты!» дейді. Ал бұған кім қарсы шыға алады?
3. Нағыз әйел өзін жақсы көреді. Өз-өзін күтеді. Неліктен? Бұл оның өзіне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Ал өзін жақсы көретін адамды өзгелер де жақсы көретіні сөзсіз.
4. Нағыз әйел ешқашан өкінбейді. Ол кез келген жағдайдан өзіне керекті, пайдалы нәрсені іздеп табады. Оның үстіне, жағымсыз естеліктерден, қажеті жоқ заттардан құтылуға асық.
5. Нағыз әйел өз кейпінде қалады. Яғни, жасандылықтан алыс болады. Себебі, ол өзіне сенімді.
6. Нағыз әйел арыз айтпайды. Түнге дейін жұмыста отырды ма? Оны жария етіп, қамқорлық іздемейді. Ондай сәттердің уақытша екенін түсініп, өзін жайдары ұстайды.
7. Нағыз әйел әбігерге түспейді. Ол кез келген жерде өзін дұрыс ұстай біледі. Сабырлылық – оның өмірлік ұстанымы.
8. Нағыз әйел таңдауына берік. Ол тұрмыс құрғанша жан-жағына мұқият қарайды. Әртүрлі адамдарды байқап көреді. Соның арқасында өзіне сай адамды табады. Өмірлік жарым деп таңдаған еріне адал болу үшін барын салады.
9. Нағыз әйел болу қиын емес. Қиындататын – өзіміз.
Сурет: ©Илья Алешковский
Оқи отырыңыз:
"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік"
Нағыз ер жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?
Ф. Абилова