Тауарыңызды өткізгіңіз келсе

Тауарыңызды өткізгіңіз келсе

Келе жатқан мерекелер қарсаңында сатушылар да, сатып алушылар да қатты шаршайды. Шаршағандары соншалық, не аларын білмей қалады. Егер сіз сатушы болсаңыз, төмендегі 10 ережені ескеру арқылы тауарыңызды оңай өткізе аласыз.

1. «Мен жәй ғана қарап тұрмын» деп айтатын алармандарға сенбеңіз. Олардың 90%-ы алдымен көру үшін келеді. Бірақ, «Не себепті бүгін келдіңіз?» сынды сұрақтар қойыңыз. Сол кезде, шын мәнінде, не үшін келгенін түсінесіз.

2. Алармандарыңыздың ырқына көне бермеңіз. Олар сатып алу үшін келді. Қызметкерлеріңіздің артынан жүгіруге мәжбүрлемеңіз. Сатып алушыларды жайына қалдырғанша, мезі еткен дұрысырақ.

3. Басымдылық танытыңыз. Әсіресе, саудаласқан кезде.

4. Аларманды еш уақытта күттірмеңіз. Ұзақ күткен аларманыңыз ойынан айнып қалуы мүмкін. Сатып алу процесін барынша жеңілдетіңіз.

5. Әрбір аларманға арнайы уақыт бөліңіз. Бұл бақталастарыңыздың арасында алдыңғы қатарға шығуға көмектеседі.

6. Тек төмен бағалар емес, жақсы шешімдерді де ұсыныңыз. Аларман сізге қиындықтарын шешу үшін келеді. Сондықтан, тауарға қатысты қандай қиындықтары бар екенін анықтаңыз.

7. Бірден екінші затты көрсетіңіз. Мысалы, бір киім ұсынсаңыз, жанына өзіңіз таңдап берген аксессуардың жараса кететіндігін айтыңыз.

8. Еш уақытта аларманның сатып алу мүмкіндігі аз екенін айтпаңыз. Керісінше, оларды миллионер келіп тұрғандай қарсы алыңыз.

Сурет: massaget.kz

Қ. Бүйенбай