Қыздар неге төбелеседі?

Қыздар неге төбелеседі?

Жақында бір танысым маған осы сұрақты қойды. Қапелімде не деп жауап берерімді білмей, ойланып қалдым.

Шынымен де қыздар не үшін төбелеседі? Содан соң осы жайтты зерттеп көрдім.

Жасөспірім қыздар арасында. Өтпелі кезеңдегі қыздар өздерінің «күштілігін», «мықтылығын» дәлелдеу үшін, сондай-ақ ата-аналары мен мұғалімдерінің назарын аудару мақсатында төбелеседі. Барлық жасқа қарағанда бұл кезеңдегі төбелес қатігездігімен, жоспарлы түрде жүзеге асырылуымен ерекшеленеді.

Студент қыздар арасында. Жасөспірімдік кезеңнің проблемаларын дер кезінде шеше алмаған қыздар жігітін қызғанып не құрбыларының көзінше басқа қыздардан ескерту алып, «намысын қорғау» үшін төбелесуі мүмкін.

Ересек әйелдер арасында. Өте сирек кездеседі. Дегенмен қызуқанды екі әйел бір-бірінің сөздерін көтере алмаған жағдайда орын алады.

Психологтардың пікірінше, ер адамдарда да, әйел адамдарда да «еркектік бастау» (мужское начало) және «әйелдік бастау» (женское начало) деген болады. Адамның мінез-құлқы (жынысына қарамастан) «бастаулардың» қайсысы басым не тең болғанына байланысты анықталады. Өткен ғасырларда ер-азаматтармен тізе қосып, елімізді, жерімізді жаудан қорғаған батыр апаларымыз көп болған.

Алайда бұл қыздардың төбелесін ақтау емес. Төбелескен қыздарды әсіресе, жігіттер жек көреді. Сондықтан құрбылар, төбелеспеңдер. Мәселелерді ақылмен шешіңіздер.

Автор: Фариза Әбілова

Сурет: motto.net.ua

Ф. Абилова