Күнделікті өмірге қажетті кеңестер

Күнделікті өмірге қажетті кеңестер

Күнделікті өмірге пайдасы тиетін, қазіргі ғаламтор сәніне айналған "лайфхак" деп те қабылдасаңыз болады:

1. Көптеген адам басы, іші, т.б. ауыра қалса, дереу ауруды басатын дәрі ішеді. Дәріні дәрігердің нұсқауымен емес, интернет, туысы не досының кеңесі бойынша сатып алады. Мұндай салғырттықтың аяғы бауыр, бүйрек, асқазан сияқты маңызды ішкі ағзаларды зақымдауға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан алдымен ерінбей, дәрігерлік тексерілуден өту керек. Себебі аталған аурулар басқа бір дерттің салдарынан болуы да мүмкін.

2. Ыдыс, кір, еден жуғанда қолғап киіп алыңыз, өйткені кір жуғыштың құрамында теріге зиянды әсер ететін нәрселер болады. Егер қолғап киюді ұнатпайтын болсаңыз, онда жұмысыңызды аяқтаған соң, қолдарыңызды сабындап жуып, иісмай жағыңыз.

3. Қыс мезгілінде С дәрумені бар киви, цитрустарды жемістерін жеңіз немесе дәріханада сатылатын кәдімгі аскорбин қышқылын алып, күнделікті қабылдап жүруді дағдыға айналдырыңыз.

4. Жан-жағыңыздағы адамдарға қошемет сөз айта жүріңіз. Өзіңізге де айтылған мақтан сөздерді дұрыс қабылдаңыз: «Ой, қайдағы, былтырғы көйлегім ғой», «жоға, көзім бүгін ісіп тұр» деп ақтала жөнелмеңіз. Сіз қошамет, мақтау естуге лайық жансыз!

5. Алыста тұратын жақыныңызға (туысыңызға) кемінде аптасына бір рет қоңырау шалып, жағдайын біліп қойыңыз. Оған шын ықылас-ниетіңізді білдіріңіз. Сол жерге барғанда сіздің алдыңыздан шұрқырасып, сағынышпен қуана көрісетін жан сол болады.

Өз тарапыңыздан күнделікті өмірге пайдасы тиетін қандай кеңес бере аласыз?

Сурет: artleo.com

Оқи отырыңыз:

Тағам дәмді болсын десеңіз

Әр бойжеткен білуі тиіс қағидалар

Табысты адамдардың әдеттері

Ф. Абилова