Табысты адамдардың ұйықтар алдындағы әдеттері

Табысты адамдардың ұйықтар алдындағы әдеттері

Таңертеңгі рәсімдер күніңіздің сәтті өтуіне көмектеседі. Ал кешкі мезгілде демалып, уақытын дұрыс жұмсай білетін адам күш-қуатын қалпына келтіреді.

Табысты адамдар күнінің сәтті өтуі үшін кешкі мезгілді ұтымды пайдалана біледі. Мүмкін олар сізді де шабыттандыратын болар.

1. Кітап оқу

Егер миыңыздың тың, есте сақтау қабілетіңіздің жақсы болғанын қаласаңыз, кешкі мезгілде кітап оқыңыз. Кітап сүйер қауымның бірі Билл Гейтс кітаптың адамның ойлау қабілетіне қаншалықты әсер ететіндігін айтқан. Мұнымен қатар күнделікті кітап оқу күйзелістен құтқарады екен. Аталған үдеріс шынайы өмірден алыстатып, тынышталдырады. Кітап оқыған сайын сөздік қорымыз көбейеді. Ал жаңа сөз миымызға ақшалай сыйлыққа ие болғандай әсер етеді.  Биллге құлақ асып, көбірек кітап оқығанымыз жөн.

2. Гаджеттерсіз ұйқы

Қараңғылық пен тыныштық – жақсы ұйқының кепілі. Қосулы телефонмен ұйықтайтын адамдар жүйке ауруына шалдығады. Бұл қиындыққа АҚШ медиа-холдинг басшыларының бірі Арианна Хаффингтон тап болған. Ол күнделікті ұйықтар алдында телефонды сөндіруді ұсынады.

3. Кешкі серуен

Атақты Buffer қамтамасын жасаған Джоел Гаскойн серуендеуді жасқы көреді. Ол күнделікті кешкі мезгілде серуендеп, еш нәрсе туралы ойламауды ұнатады. Жүру адамның креативтілігін көтереді екен. Сондықтан қалағаныңызша қыдырыңыз!

4. Медитация

Бұл кешкі әдет барлығына жарайды деп айту қиын. Оны арнайы үйрену керек. Себебі дәл мұндай әлем мен адамның үйлесімін басқаша меңгеру мүмкін емес. Опра Уинфри күнделікті кешкісін медитация жасайды. Егер оны үйренгіңіз келмесе, жәй ғана табиғатты бақылауыңызға болады. Кейде аспанға қарап жан-дүниемізді тынышталдыра аламыз.

5. Шығармашылық

Атақты дизайнер Вера Вонг кешкі мезгілді шығармашылыққа қатысты істерді шешуге жұмсайды. Түн нағыз ойланатын уақыт дейді. Вераның жолы болды. Себебі ол жұмыс істеу арқылы демалады.

6. Жоспарсыз ешқайда

Жоспарлай білу – сіздің бір нәрсеге жететіндігіңіздің көрсеткіші. Жауапкершілігі мол, жинақы адамдар алдына қойған мақсатына жетеді. American Express компаниясының басшысы Кеннет Шено ұйықтар алдында келесі күні жүзеге асыратын үш жұмысты ойластырып қояды. Бұл ояна салысымен жұмысқа кірісіп кетуге мүмкіндік береді.

Әрбір күн – өміріміздің кішкене ғана бөлшегі. Сондықтан оның қалай басталып, қалай аяқталатындығы үлкен рөл атқарады.

Табысты адамдардың әдеттері ұнады ма? Сіз олардың қайсысын орындап жүрсіз?

Сурет: fonwall.ru 

Қ. Бүйенбай