Әйел сұлулығына қатысты 3 аңыз

Әйел сұлулығына қатысты 3 аңыз

Қазіргі кезде қыздар шынайы әдемі болу үшін қолдарынан келгенді жасайды. Әлемді әдемілік құтқарады деген бар. Әдеміліксіз махаббат пен бақыт та болмайды. Осының барлығы шындыққа сай ма?

Бірінші аңыз. «Онша әдемі емес құрбым жанымда жүрсе, мен бұрынғыдан да әдемірек көрінем». Француз психологтары психологиялық тәжірибе жасау арқылы бір әйелдің әдемілігі екінші әйелдің тартымды болып көрінуіне септігін тигізетінін дәлелдеді. Тәжірибе мынадай түрде жүргізілген: жігіттерге қыздардың суретін таратып, қай топтағы қыздар тартымды көрінетінін сұраған. Бірінші топта – қарапайым қыздар мен сән көрсететін кәсіби қыздар; екінші топта – қарапайым қыздар; үшінші топта – әдемі және онша әдемі емес қыздар. Жігіттердің барлығы дерлік бірінші топтағы кәсіби сән көрсетуші қыздардың жанында тұрған қарапайым қыздарды ұнатқанын айтқан. Сондықтан әдемі, тартымды құрбыларыңыздың жанында жүруге қысылмаңыз. Олардың жанында жүргенде сіз де назардан тыс қалмайсыз.

Екінші аңыз. «Әдемі қыз өзіне назарды көбірек аударады». Әдемі құрбыңызға қарап, бар әлем оның аяғында жатқандай ашуланудың қажеті жоқ. Барлық жігіт бірдей емес, олардың талғамдары бір-біріне ұқсамайды. Жігіт косметика пайдалану арқылы өзіне әдемілік жасап алған қыздың жанында емес, ақылды, сыпайы қыздың жанында уақыт өткізгенді қалайды. Ер адамдар басқы 10 минутта ғана әйелдің сырт келбетіне мән береді. Әдемілігіне сенетін қыздар мен жігіт сезіміне дәл солай жауап беретін қыздардың ішінен екіншісі түптеп келгенде жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Үшінші аңыз. «Әйелдер тек әдемі және әдемі емес деп аталатын екі топқа бөлінеді». Негізінде, нәзік жандыларды көңілді және уайымшыл деп бөлу керек. Көңілді қыздар өздерін әдемі деп санайды, соған өздерін сендіруге тырысады. Олар әрқашан сенімді жүреді. Ал уайымшыл арулар өздерін әдемі емес деп санайды. Өздері соған сенеді. Сондықтан өз бет-әлпетіңіздің олқы тұстарын айта бергенше, жақсы тұстарына мән беріңіз. Себебі ер адамдар сіздің өзіңізге байқала қоймайтын сұлулығыңызды байқайды.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: belinaart.ru                                              

Г. Бакытбекова