Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ақпараттың есте сақталуын 400%-ға арттырғыңыз келе ме?

Ақпараттың есте сақталуын 400%-ға арттырғыңыз келе ме?

Ақпараттың есте сақталуын 400%-ға арттырғыңыз келе ме?

Зерттеулер нәтижесі кітап, кесте, графиктер тәрізді визуалды құралдардың тыңдаушыға әсері мол екенін көрсетіп отыр. Мұнымен қатар, адам ақпараттың 82%-ын көз арқылы, 11%-ын – құлақ және 7%-ын өзге сезім мүшелері арқылы қабылдайтындығы анықталды. Осыған орай тыңдаушыға ақпаратты дұрыс жеткізуге көмектесетін бірнеше кеңестерді ұсынуды жөн көрдік.  

Айтыңыз, көрсетіңіз және енгізіңіз

АҚШ-та жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, сөзбен айтылған ақпараттың 10%-ы, ал визуалды құралдардың көмегімен ұсынылған ақпараттың 51%-ы есте сақталатындығы анықталған.  Яғни, сіз визуалды құралдардың көмегімен сөзіңіздің әсерін 400%-ға дейін көтере аласыз.

Мұнымен қатар, зерттеу барысында визуалды құралдардың көмегімен жүргізілетін іскери кездесулердің 28%-ға дейін қысқаратынын, яғни небары 25,7 минуттан 18,6 минутқа дейін ғана созылатындығы анықталған.

Баяндаманы таныстыру барысында вербалды, эмоционалды құралдарды пайдалану арқылы ақпаратты 92%-ға дейін есте сақтайтындай жағдай жасай аламыз.

Біз есте сақтаймыз:

Естігеніміздің 10%-ын;

Көргеніміз бен естігеніміздің 51%-ын;

Көргеніміз бен естігеніміздің және эмоциямызды оятқан ақпараттың 92%-ын.

Есіңізде болсын! Сіз құр сөзбен айтқан құнды деректің өзі тыңдаушыларға әсер бермеуі мүмкін. Олардың назарын өзіңізге аударғыңыз келсе, міндетті түрде визуалды құралдарды пайдаланыңыз.

Қосымша құралдарды да ұмытпаңыз

Баяндама таныстыру барысында қаламды қолданыңыз. Оны айтып жатқан затыңызға бағыттап ұстаңыз. Артынша оны тыңдаушы мен өзіңіздің араңызда, көз деңгейінде ұстаңыз. Қалам тыңдаушының басын көтеріп, сізге қарап отыруға мәжбүрлейді. Құдды магнит әсері бар секілді. Ал сізге қарап тұрған адам сөзіңізге де құлақ асады. Ал екінші қолыңыздың алақаны ашық болуы тиіс.

Баяндаманы таныстыру барысында ер адамның көзіне жиі, ал әйелдікіне сирек қарауға тырысыңыз. Егер өзіңізге сенімсіз болсаңыз, айна алдында тұрып жаттығыңыз. 

Ал сіз қандай тәсілдерді ұсынатын едіңіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 02 қыркүйек 2014, 13:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.