Шет тілін үйрене алмай жүргендердің 5 сылтауы

Шет тілін үйрене алмай жүргендердің 5 сылтауы

Адам баласы өзге тілді үйренер кезде оны не себепті үйренудің қажет емес екендігін іздейді. Бұл жалқау ағзаның қалыпты реакциясы. Дәл осы секілді фитнеске немесе кітапханаға баруға ерінеміз. Олай болса ең қарапайым сылтаулардан бастайық.

Әлем ағылшын немесе орыс тілінде сөйлейді

О, бұл, расымен де, шындық. Тіл білмесеңіз, қарапайым Черногор аймағындағы, Анталиядағы демалыс күлкілі оқиғаларға толы болуы мүмкін. Ал Францияда, тіпті, ағылшын тілінің өзі құтқара алмай қалады. Француздардың тілдік снобизмі туралы естіген шығарсыз. Яғни олардың ағылшын тілін ұнатпайтындығын. Айтпақшы, франциялық мәзірдегі кофе, ағылшындық мәзірге қарағанда арзан. Халқымыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» бекер айтпаған.

Мені Google Translate құтқарады!

Былайынша сөздерді аударуға көмегі зор, бірақ сөйлемдердің қосымшасын дұрыс аудармайды. Мысалы «Мен осы жазда ауылға барғым келеді» деп жазғыңыз келсе, Google Translate оны «Мен осы жаз ауыл бару келеді» деп аударады. Ал басқа тілдерге қатысты операцияны Google Translate мүлдем өңдей алмай қалуы мүмкін.

Біздің сіз үшін өте жақсы жаңалығымыз бар. Шет тілін меңгеру сіз ойлағаннан да оңай. Оны, расымен де, бірнеше жыл бойы оқуға болады. Алайда ден қойып оқитын болсаңыз, арнайы курсқа барудың да қажеті болмайды. Өкінішке орай, білімсіз немесе қызығушылықты арттырмайтын кітаптар өте көп. Десе де кез келген тілді 2 жылдың ішінде жоғары деңгейде меңгеріп алуға болады.

Егер сіз шет тілін меңгеруді бірнеше рет бастап, жолыңыз болмаған болса, келесі жолы міндетті түрде жолыңыз болады. Skype мұғалім немесе телефоныңызға LinguaLeo бағдарламасын орнатыңыз.

Тілді тек сол тілде сөйлейтіндердің ортасында тұру арқылы ғана меңгеруге болады

Бұл да досының «Work and Travel» бағдарламасы арқылы барып, шет тілін жоғары деңгейде меңгеріп алғанын естігеннен кейін шығарылған аңыз.

Маған кітап оқып, шет тіліндегі бағдарламаны көрудің қажеті жоқ

Себебі оның барлығы да ана тілімізге аударылған. Десе де аудармашылардың еш ерінбей барлығын сол күйінде жеткізетіндігіне кім кепіл?

Шет тілін меңгеру процесі мені жалықтырады

Адам бекер жалықпайды. Әрине, бұл құбылыспен күресу қиын. Мүмкін саған бар болғаны жаңа мұғалім ұнамайтын шығар. Мүмкін алдыңызға мақсатты дұрыс қоймаған боларсыз. Оқуыңызды қызықты ойынға айналдырыңыз. Тіл алмасатын interpals.org немесе үйрететін lingualeo.com, busuu.com сынды сайттарға кіруді ұмытпаңыз.

Алдыңызда көп мүмкіндіктің есігін ашатын мақсатыңыздан бас тартпаңыз. Тілді меңгермеудің себебін іздегенше, оны үйренуге ұмтылыңыз. Сіз көп көмегін көрсетіп жатыр деген Google Translate сынды бағдарламалар керісінше зиян тигізуде. Олай болса, оқырмандарға іске сәт дейміз!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай