Адамгершіліктің киіммен өлшенетін дәуірі

Адамгершіліктің киіммен өлшенетін дәуірі

Қарапайым көше киімімен бір жігіт жүріп келеді де жөтеліңкіреп, жерге құлайды. Видеоны көрсеңіз, әрмен қарай не болғанын түсінесіз. Ал егер роликтің мәнін түсінгіңіз келсе, соңына дейін көріп шығуыңыз керек.

Құлаған адамға қарайлап өткен адамдар көмек қолын созуға, дәрігерлерді шақыруға батпайды. Әркім өз ісімен кете барады. Ал видеоның екінші бөлігінде дәл сол жігіт, бірақ басқаша, заманауи стильде киінген. Ұққанымыз – адамды оның киімімен өлшейді екенбіз. Заманауи стильде киінген азамат құлап қалған кезде оған бәрі де барып қол ұшын созады. 

Мұны әрқайсымыз да көруіміз керек. Достарыңа көрсетсең, бәлкім, олар да ойланар?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: liveinternet.ru

А. Құлтай