Адамдарды қалай түсіну керек?

Адамдарды қалай түсіну керек?

Адамдардың психологиялық ерекшеліктерін білу барлық салада да қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді. Сіздің қарым-қатынас жасайтын адамдарыңыздың қатарында туыстарыңыз, жаңа танысқан адамдарыңыз, қатарластарыңыз, әріптестеріңіз бар. Олардың әрқайсысымен қалай байланыс құруды біздің материалымыздан біле аласыз.  

Данбар саны

Робин Данбар есімді зерттеуші адам миының үлкен бөлігін, яғни неокортексті қоғамдық белсенділікпен байланыстырады.

Ол адамдардың ғана емес, жануарлардың да ми бөлігін зерттеп көрген. Жан-жануарлардың қарым-қатынас құру мүмкіндігі тек 4-5 жанмен ғана шектеледі. Ал адам баласының байланыс құратын тобы одан да көбірек. 

Сонда анықталғаны, адамның үлкен ми бөлігі неокортекс қаншалықты үлкен болса, соншалықты адамдармен қарым-қатынас құру мүмкіндігі көп екен.

Данбар зерттеу нәтижесінде адам баласының ең көп дегенде 150 адаммен белсенді түрде қарым-қатынас құра алатындығын анықтаған.

Осы топтың ішінде тек 12 адам ғана зерттелушінің жақындары болады. Қалғандары қатарластары, өмірлік серіктері, басқа да жағдайлардағы таныстары болып шыққан. Ал егер жаңа адамдармен жақын қарым-қатынас құра бастасақ, онда бұған дейінгі 12 адамның ішіндегі ең елеусіздеуі болып көрінген бір адам үлкен топқа кіреді екен.  

Рик Лакс есімді жазушы Данбар теориясына қарсы шығады. Өз шығармасында ол былай дейді:

"Мен Данбардың теориясына қарсы шағамын деп отырып, оны тағы бір мәрте дәлелдеп беріппін. Егер сіз тұрақты түрде араласатын адамдар санын 200-ге дейін жеткізгіңіз келсе, онда елеусіз болып көрінетін 50 адамды тысқары шығарады екенсіз".

Лакс өз тәжірибесінде жақын қарым-қатынас жасайтын 12 адам туралы анығырақ жаза кетеді:

"Мен өз тәжірибемнен соң мына жақын адамдарыма көңіл бөле бастадым:

1. Британ антропологиясына

2. Менің нағыз достарыма

Осыдан соң мені осы аталған екі топтағы адамдарды өзгелерден де жақынырақ тартып, жақсы араласа бастадым".

Данбар теориясы әсіресе маркетологтар мен әлеуметтік медиа және брендингтерде жұмыс істейтін адамдар үшін қажет.

Мұндай салаларда жұмыс істейтін адамдар өз өнімін жарнамалау барысында аудиториядағы адамдардың тек 150-ге жуық қана қарым-қатынас құратын адамдары бар екенін ұғуы керек. Ал егер олар, өздерінің бір елеусіз адамымен байланыспай, сіздің өніміңізге назар аударса, сол тұтынушыға сіздің құрметіңіз өсіп, оны бағалайтын боласыз.

Ал әлеуметтік желілер ше?

Әлеуметтік желілердегі «достық» тізіміңізде бар адамдармен қаншалықты жақсы қарым-қатынас құрасыз? Тіпті күндегі сәлем сұрасулардың өзі тек 150 адамнан ары аспайтын шығар. Мұнда да жаңа танысқан адамдарыңыз болса, ескі достарыңызбен байланысты үзесіз.

Кейбір қолданушылар уақыт өткен сайын әлеуметтік желілердегі «достарын» өшіріп, тек жақын адамдарды ғана қалдырып отырады. Әрине, бұл дұрыс емес.

Хэнлон ұстарасы

Бұл Роберт Хэнлонның қанатты сөздер кітабының атауы.

Онда былай деп жазылған:

Ақымақтық деп түсіндірелетін мәселеге ашуланудың қажеті жоқ.  

Мәселен, сіздің айтқан ойыңыз өзгенің үдесінен шықпайды. Бұдан кейін ол қарсы пікірін айтады. Бірақ бұны бірден қателік, жамандық деп емес, оның орнына дұрыс түсіндірілмеген немесе дұрыс ұғылмаған деп қабылдаңыз.

Герцбергтің мотивация беретін факторлары

Бұл теория жұмыстағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Тіпті жақын достарыңыз бен жарыңызға да осы әдісті қолданып көрсеңіз болады.

Бұл теорияны Фредерик Герцберг 1959 жылы жасап шыққан. Теория былай түсіндіріледі: қандай да бір істің нәтижесіне біржақты қарауға болмайды.  

Мәселен, жұмыстың дұрыс жүргізілмеуіне көптеген факторлар әсер етеді: жұмыс талабы, жалақы көлемі, әріптестер мен басшылықтың қарым-қатынасы.

Герцбергтің ойынша, жоғарыда аталған факторлардан басқа, маңызы одан да жоғары мәселелер баршылық. Олар шабыт, еңбек ету барысынан алуға болатын ләззат, дамуға деген мүмкіндіктің бар-жоғы. Бұдан шығатыны, егер сіз жұмыс талаптары мен жалақы мөлшері толықтай қанағаттандыратын жұмыс істесеңіз де нәтижеңіз әлсіз болуы мүмкін.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: www.psyh.ru

А. Құлтай