Махаббат туралы өлең жазғыңыз келе ме?

Махаббат туралы өлең жазғыңыз келе ме?

Жер бетіндегі барша адамзатқа 5661 тіл ортақ болмаса да, оларды махаббат атты құдіретті сезім біріктіреді. «Мен сені сүйемін» деген мыңдаған өлең бар.

Егер сіз көптен бері сүйіктіңізге арнап өлең шығара алмай жүрсеңіз, біз сізге көмектесеміз.

1. Өзіңіздің махаббатыңыз туралы жазыңыз. Жүректегі сезіміңізді әуен мен өлеңге айналдырмай тұрып, ешбір ұйқассыз жазып шығыңыз. Мұны жүзеге асыру үшін өзіңіз сүйетін адамды суреттеңіз, оған деген сезіміңіздің қандай екенін, бірге болған кезде ерекше күй кешетіндеріңізді жазыңыз.

- Сүйіктіңіздің мінезін, ерекше қимыл-қозғалысын, билеу мәнерін сипаттаңыз;

- Мұнымен қатар, эмоцияларын да ескеріңіз. Мүмкін нәзік, сыпайы, үнемі көңілді жүретін, ерке, мықты, батыл адам шығар. Яғни, жеке басына қатысты барлық ерекшеліктерін тізімдеңіз;

- Сезімдеріңіздегі «Біз» туралы жазыңыз. Яғни, бірге жүзеге асыратын істеріңізді анықтаңыз. Ең алғаш қай жерде кезіккендеріңізді, болашаққа деген қандай жоспарларыңыз барын да қосуға ұмытпаңыз.

2. Метафоралар ойлап табыңыз. Дәл осы тұста шығармашылық қабілетіңіздің көмегі қажет. Метафора мен теңеудің көмегімен сезімдеріңізді асқақтатуға болады.

- Мысалы, жігіт болсаңыз, маған әтіріңнің иісі ұнайды деудің орнына, хош иісті нәзік гүлдейсің немесе сәби иісің әлі тамсандырады деп жазуыңызға болады;

- Метафораларды барынша көбірек пайдалануға тырысыңыз. Кейбірі мүлдем жарамаса, екіншісі сіз ойлағаннан да мықты болуы мүмкін. Бұл этапта махаббытыңыз туралы не айта алатындығыңызды анықтап алу керек болатын.

3. Енді теңеулерге кезек берейік. Олар да метафоралар секілді махаббатыңызды әсерлі етіп жеткізуге көмектеседі. Теңеу дегеніміз – бір құбылысты екіншісімен алмастыру.

4. Өзіңізге образ табыңыз. Сүйіктіңізді қалай суреттейтініңізді біліп алған соң сол өлеңнен өзіңізге де орын табылуы тиіс. Яғни, шынайы өмірдегі қалпыңызда емес, ерекше образға енуге тырысып көріңіз.

- Қажет болса өзіңізді Ләйліге ессіз ғашық болған Мәжнүнге немесе сүйіктісі үшін әкесі мен ағасын құрбан еткен Қарлығаға теңеңіз.

5. Сөздер тізімін жасаңыз. Енді өзіңіздің образыңызға жақын тірек сөздерді ретке келтіріңіз. Мысалы, Мәжнүн – дастан, ессіздік, ғашық болу, Ақсақ Темір, махаббат, құдіреттілік және т.б.

6. Ұйқас ойлап табыңыз. Жазып алған сөздеріңізді бір шумаққа біріктіретіндей етіп ұйқастар ойластырыңыз. Мысалы, ғашықтық, асықтық, ашықтық сөздерін бір шумаққа біріктіруге әбден болады.

7. Өлеңіңіздің негізгі бағытын анықтаңыз. Енді махаббат туралы «дастаныңызды» қандай формаға салғаныңыздың дұрыс екендігін ойластырыңыз. Әдетте, бір шумақ және қайырма болады.

- Әрбір шумақта жаңа дүние айтылады. Ал қайырмасы оларды біріктіреді. Осы тұста ойларыңызды жинақтап алыңыз. Яғни, әр шумақта нақты не туралы баяндайтыныңызды қағаз бетіне түсіріңіз. Мысалы, бірінші шумақта – сүйіктіңізді неге теңейтініңізді, екіншісінде – оған деген сезіміңізді, үшіншісінде – болашақтарыңызды қалай елестетеніңізді жазуыңызға болады;

- Қайырмасында махаббаттарыңызды жайқалған баққа теңеп, сол бақтың көркеюін баяндаңыз.

Өлеңге әуен шығару


8. Еркін ойлаңыз. Сөзді музыкамен сүйемелдемес бұрын оның қандай болатынын анықтап алғаныңыз жөн. Әуен сіз өлеңді шығарып отырған кезде келуі мүмкін. Бұлай болған жағдайда жолыңыз болды деп есептеңіз.

- Диктофонды қосып, әуенге қатысты идеяларыңызды жазыңыз;

- Ойыңызға келген әуендерді тоқтаусыз айта беріңіз;

- Бұл іспен жарты сағаттай шұғылданған соң, демалып алыңыз.

9. Қолыңызға қағаз бен қалам алып не жазғаныңызды тыңдап көріңіз. Кейбір тұстарында тебіреніп кетсеңіз, енді бірінде күлуіңіз де ғажап емес.

- Өзіңізге ұнаған тұстарын аспаптың көмегімен қайталап көруге тырысыңыз.

10. Құлаққа жағымды естілуін де қадағалаңыз. Өзіңіз өлең айта алмасаңыз, достарыңызға өтініп көріңіз.

11. Ойлағандарыңызды біріктіріңіз. Сөзі де әуені де толық біткен кезде өзіңіз орындап көріңіз. Даусыңыз нашар болса да, сүйіктіңізге сіздің еңбектенгеніңіз ұнайды. Барлығын бітірген соң, сүйіктіңіздің алдында отырып орындаңыз.

Қосымша кеңестер:

- Өмір бір рет қана берілетіндіктен, жүрегіңіздегі сезім туралы айтуға ұялмаңыз;

- Жазғандарыңыздың барлығы шындыққа жанасуы тиіс;

- Көбірек ойланыңыз;

- Сүйіктіңізбен жүріп жүргендеріңізге көп болса да, сезімдеріңізді көрсетуден қысылмаңыз;

- Қорықсаңыз да, жасаңыз;

- Көбірек жазған сайын қаламыңыз ұштала түседі;

- «Жаным», «махаббат» сөздерін аз қолдануға тырысыңыз;

- «Power Tab, Guitar Pro, Garage Band» сынды бағдарламалардың көмегімен жазған өлеңдеріңізді өңдеуіңізге болады.

Ал сіз сүйіктіңізге арнап өлең жазып көрдіңіз бе?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай