Ойын ұстанымдарын өмірде қолданып көрейік

Ойын ұстанымдарын өмірде қолданып көрейік

Ойын ұстанымдарын әрбір істе де қолдануға болады екен. Мәселен ең қызықсыз делінетін іс жасағанда немесе жүгіру сияқты жаттығуда бұл принциптерге сүйенсек, нәтижеміз жоғары болады. Ал оларды қалай қолдану керектігі жайлы бүгінгі материалымызда.

Ойын ұстанымы адамның өзіне қызықты іспен бар ынтасын сала айналысатындығынан пайдалы болса керек. Бүлдіршіндер мен балдырғандар ойыншықпен ойнаса, бозбалалық жасқа дейінгілер қазірде компьютер ойындарынан бас ала алмайды. Ал ересек адам казиноларға барып, құмар ойындарға ден салады.

Ойын адамды қызықтыра түседі және тәуелді етеді. Ал оның ұстанымдарын өмірде қолданып көрсек қайтеді екен?

1. Жетістік

Көзіңізге елестетіп көріңіз: түндегі шулы кештен сіздің үйіңізде жуылмаған 250 ыдыс-аяқ қалды. Оның барлығын жуып біткенше кеш батады. Еріншектікті жою үшін біз ойынның ұстанымдарын қолданамыз. Мәселен, 250 ыдысты үшке бөліп, әрбір бөлігін жуып біткен соң өзіңізге сыйлық жасайсыз – фейсбукте 30 минут отыру, теледидар қарау, мызғып алу т.б. Бұл әдіс соншалықты қарапайым болғанымен, пайдасы да жоқ дей алмайсыз.

2. Ағым немесе толқынға түсу

Мәселен, жұмысыңызды атқару үстінде кейбір әрекеттердің көп қайталанатыны соншалықты, сіз оны ендігіде елемей-ақ істей беретін болдыңыз. Және бұл іс сізге үйреншікті болғанда жұмысыңызды рақаттана отырып жасауға кірісесіз. Ал енді ойынға келейік. Қандай да бір ойынға кіріспей тұрып ол сізге қызықсыз болып, ал кейін бас ала алмай ойнап кететін жағдай болады. Бұл әдісті сіз де жұмысыңызға пайдаланыңыз. Өз толқыныңызға түсіп алсаңыз, сізден асқан жұмысшы болмайды. Тек төзімді болуыңыз керектігін ұмытпаңыз.

3. Жаңа белестер

Қандай да бір істен өзіңізге пайда түсіруге болады. Тіпті қарапайым жұмыстан да адам бір нәрсе үйрене алады. Ойындағы осы әдіс өміріңізге көп пайдасын тигізеді екен.

4. Бастау

Жұмысты бастамай тұрып оның қаншалықты қиын екенін аңғарып, ал сол жұмысты атқарған соң оның қаншалықты оңай екенін аңғаратын кездеріңіз болды ма? Міне, осы үшін де қандай жағдай болмасын, бастап кету керек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: game-plus.net

А. Құлтай