Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ұстамды болып көрінудің 6 құпиясы

Ұстамды болып көрінудің 6 құпиясы

Ұстамды болып көрінудің 6 құпиясы

Ұстамдылық адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Мұндай мінездің иесін кез келген орта ұнатады. Алайда ұстамдылықты ұяңдықпен шатастырмауымыз керек. Бар болғаны өзгелерді жайсыз сезімге қалдырмау үшін орнымен мақтанғанымыз жөн. Ұстамдылықтың арқасында қарапайым адамдардың қатарына қосылып, жақсы тыңдарманға айнала аласыз. Егер кез келген жерде ұстамдылық танытып үйренгіңіз келсе, төмендегі бірнеше кеңесімізге назар аударыңыз:

1. Әр жетістігіңізді айтып мақтана бермеңіз. Біріншіден, өзгелерден артылатындай іс-әрекеттер жасасаңыз да, өзіңізді мақтаудан аулақ болыңыз. Ұстазыңыз сыныптың алдында мақтаған шығар. Мүмкін қызметіңіз өсіп, жоғарылаған шығарсыз. Себебі не болса да, бірінші ережемізді жадыңызда ұстаңыз.

-  Бейтаныс адамдарға өзіңіз туралы артық мәлімет бермеңіз;

- Орайы келіп тұрса, білдірмей мақтануыңызға болады. Біреу қымбат iphone сатып алғандығын айтса, «Маған да алу мүмкіндігі туып тұр. Қайсысы жақсы екен?» деген секілді сөздерді айтып көріңіз.


2. Жетістіктеріңізді шын мәнінде қызығып тұрған адамдарға ғана айтыңыз. Әрине, ұстамдылық таныту үшін жеткен жетістіктеріңізді жасыруға міндетті емессіз. Оны қызығып, өзі білгісі келіп сұраған адамға ғана айтыңыз. Ол ата-анаңыз немесе сүйіктіңіз болуы мүмкін. Тыңдағысы келмейтін он адамға жар салғанша, жүрекпен тыңдауға әзір бір адамға айтқанымыз жөн сияқты.

3. Өзіңізде бар ақша туралы еш уақытта айтпаңыз. Өзінде бар материалдық байлықпен немесе ақшасымен мақтанатын адамдарды ешкімде де ұнатпайтыны анық. Жұрт маңдай теріңізбен табылған ақша екенін біле салысымен, өздері-ақ бағалауға кіріседі. Яғни, ақша тақырыбы тек отбасы мүшелерінің ортасында ғана айтылуы тиіс.


4. Ерекше қасиеттеріңізді өзгенің көзінше бағаламаңыз. Ұстамды жандар еш уақытта өзінің сұлулығын, ерекшелігін, мінезіндегі артықшылықтарын сөз қылмайды. «Мен жер бетіндегі ең сұлу жанмын», «Мен ғой енді», «Бұл тек менің ғана қолымнан келеді» сынды сөздерді айту арқылы жек көрінішті болуыңыз мүмкін.

- Шын мәнінде артықшылығыңыз болса, оның байқалмай қалмайтыны анық.

5. Бірақ өзіңізді төмендетіп жіберудің де қажеті жоқ.


6. Көне білу практикасы. Көну – ұстамдылық танытудың бір туысы. Адам баласынан да керемет дүниелердің бар екенін мойындаңыз. Ол табиғат, сәби күлкісі, ұстаздың ұлағаттылығы болуы мүмкін.

- Волонтерлік. Бұл адамгершіліктің не екенін түсінуге көмектеседі;

- Қателіктеріңізді мойындай біліңіз. Мінсіз еместігіңізді түсінесіз;

- Барлық істе жетістікке жету мүмкін еместігін біліңіз; 

Ал сіз ұстамды жандардың қатарына жатасыз ба?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:liveinternet.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 20 наурыз 2014, 09:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.