Тест: "Өзгелердің пікіріне қаншалықты тәуелдісіз?"

Тест: "Өзгелердің пікіріне қаншалықты тәуелдісіз?"

Сіз қаншалықты тәуелсіз өмір сүре аласыз? Өзгелердің пікіріне үнемі қарайсыз ба? Бүгін тестіміз осы тақырыпқа арналады.

1. Сіз жұмысқа орналасу үшін бара жатырсыз. Үстіңізге киесіз:

А) Классикалық үлгідегі костюм – 0

Ә) Өзімде бар киімді шақтап киемін – 10

Б) Қолыма түскенін кие саламын – 20

2. Маңызды кездесуге бара жатырсыз. Жол жөнекей аяқ киіміңіздің өкшесі түсіп қалды. Сіз:

А) Соңғы ақшама жақын маңда орналасқан дүкеннен аяқ киім сатып аламын – 0

Ә) Үйге барып басқа аяқ киім киемін – 10

Б) Екіншісінің де өкшесін түсіріп кездесуге барамын – 20

3. Жұмыстағы әріптесіңіздің үйіне бірінші рет барып тұрсыз. Сіздің алдыңызға сол үйдің мысығы келіп отырды. Сіз:

А) Киімімнен оның жүнін тазартуға кететін уақытты ойлап, өтірік жымиып басынан сипаймын – 0

Ә) Ол мысықпен біраз ойнап, артынша киімімді тазартып алу үшін щетка сұраймын – 10

Б) Ол мысықты қуып жіберемін – 20

4. Достарыңызға сіздің киіну мәнеріңіз ұнамай сын айтса, сіз не істейсіз?

А) Екі күн бойы өзіме айтылған сынды ойлап өзгеру үшін барлығын жасаймын - 0

Ә) Достарым сынды мені ойлағандықтан айтып тұр. Сол себепті өзгеруге тырысқаным жөн – 10

Б) Оны маған орынсыз сын айтқаны үшін жөнге қоятын жауап іздеймін – 20

5. Сіз әдеттегіден кеш ояндыңыз. Жұмысқа жиналу үшін 20 минут қана уақытыңыз бар. Осы қалған уақытыңыздың көп бөлігін не нәрсеге жұмсайсыз?

А) Киімімді үтіктеуге – 0

Ә) Таңғы асқа – 10

Б) Үйдің кілтін іздеуге – 20


6. Сүйіктіңізбен ұрсысып жатқанда сіздің көңіліңізге тиетін сөздер айтты. Сіз:

А) Өміріммен қоштасу үшін жақын маңнан пойыз жолын іздеймін – 0

Ә) Оның сөздерін қалжыңға айналдырып, жағымсыз сезімнен арылу үшін басқа жаққа кетіп қаламын - 10

Б) Кейін оның маған айтқан сөздерін кешірім сұрамайынша қайта-қайта айта беремін – 20

7. Өзіңіздің ең сүйікті күртешеңізді жыртып алдыңыз. Әрине, бұл әрекетіңіз үшін өзіңізге ренжисіз. Бірақ не себепті? Нұсқалар:

А) Күні бойы жыртық күртешемен жүретіндігім үшін – 0

Ә) Қандай себеп керек? Әрине, күртешемнің жыртылып қалғаны үшін - 10

Б) Жаңа күртеше сатып алу үшін ақша құртуыма тура келетіндіктен - 20

8. Сүйіктіңіз мінсіз сымбатыңызға байланысты қошемет сөз айтты. Сіз өз кезегіңізде:

А) Қошемет сөздерді жақсы көретіндіктен қуанып қаламын – 0

Ә) Оған айтылған қошемет сөз үшін алғыс айтып, кітап сыйлаймын – 10

Б) Оған да бірнеше қошемет сөз айтамын – 20

9. Сіз досыңыз мақтаған шаштаразға келдіңіз. Бірақ шаштараздың жұмысы ойдағыдай шықпады. Сіз:

А) Айқай шығарып жұмсалған ақшамды қайтаруын талап етемін - 0

Ә) Өзімнің бұрын-соңды барып жүрген шаштаразыма барып шашымды ретке келтіруін өтінемін – 10

Б) Досым мен шаштараздың шашын қиып беремін – 20

10. Таныстарыңыздың келбетіңізге тамсанып, үнсіз тұрып қалатын сәттері жиі бола ма?

А) Бұларсыз да аптасына кем дегенде 8 рет айнаның алдында үнсіз тамсанып тұрамын – 0

Ә) Жиі деп айтуға келмес, алайда анда-санда болып тұрады – 10

Б) Әрине – 20


11.  Әріптесіңіз жігітіне сыйлық таңдап беруіңізді өтінді. Сіз:

А) Мұндай өтініштерден мезі болдым, қолым тиген кезде таңдап берермін деп айтамын – 0

Ә) Қуана-қуана көмектесемін – 10

Б) Мен сыйлық таңдауға көмектескен ғашықтардың үнемі жолы болмайды деймін – 20

12. Жұмыстан кейін театрға бару үшін үйге барып киінесіз. Өкінішке орай жоспарларыңыз бұзылып, үйге бара алмайтын болдыңыз. Ал жігітіңіз күтіп тұр. Сіз не істейсіз?

А) Басым ауырып тұр деп сылтау айтамын да, үйге қайтуымызды сұраймын – 0

Ә) Әдетте жұмысқа да әдемі киініп барамын. Сондықтан да театрға асығамын – 10

Б) Қандай киімде болсам, солай бара беремін. Маған көпшіліктің назарына ілігудің қажеті жоқ – 20

13. Әтір сатып алар кезде кімнің көмегіне жүгінесіз?

А) Хош иіске байланысты бастығымның пікіріне – 0

Ә) Өзімнің талғамыма сенемін – 10

Б) Әтірлерді онша ұнатпаймын, бір иіс шығып тұрса болғаны – 20

14. Жұмысқа немесе сабаққа келе жатып киіміңізді былғап алдыңыз. Достарыңыз сізге күлді. Қандай әрекет қолданасыз?

А) Ренішімді көрсетпегенмен, бірнеше күн бұл әрекетім үшін ұялып жүремін – 0

Ә) Жас балаға ұқсап жүретін әдетім бар еді деп айтамын – 10

Б) Олардың менде не шаруасы бар? Бұл сөздеріне тіпті де мән бермеймін – 20


Жауаптары:

0-140 ұпай

Өзгелердің пікірі сіз үшін маңызды емес. Өзіңізге қатысты жақсы пікірлер айтылып жүргенін қалайсыз және бұл қалауыңыз орындалады. Өзіңіздің бағаңызды білетіндіктен, өзгелердің ала көзбен қарағанына төзе алмайсыз. Басқалардың пікіріне құлақ аспасаңыз да, махаббат пен достықты аса қадірлейсіз.

150-250 ұпай:

Өзгелердің сіз туралы не ойлап, не айтатынына мүлдем мән бермейсіз. Басқа адамдарды танып білмесеңіз де, өзіңізді бес саусағыңыздай жақсы білесіз. Сізді сырттай жамандап алатындар да аз емес. Өзгелердің пікіріне бей-жай қарайтындығыңыз бұрын-соңды жағымсыз пікірлерді көп естіп, оларды көңіліңізге алатындығыңызбен байланысты болса керек. Мазақтаған жағдайда оларды сөзіңізбен бірден басып тастайсыз.

260 ұпайдан жоғары:

Сіз толықтай өзгелердің пікіріне тәуелдісіз. «Былай жасасам, мен туралы не ойлайды екен?» деген оймен жүресіз. Бекерге қобалжымаңыз. Жұрт не демейді... Жоқ дегенде бір апта өзіңіз қалағандай киініп көріңіз. Өмірде өзге адамдардың бар екеніне де мән беріңіз. Осы секілді терапиялар сізге қажет. Қоғамдық пікірді аз ойлау арқылы жүйкеңізді аман сақтап қаласыз. Көңіліңізге тиетін сөз айтқан адамдар бұл әрекеттерін баяғыда ұмытқан. Өзіңізге деген сенімділігіңізді арттыра түсуіңіз қажет.

Ал сіз ше? Өзгелердің пікіріне қаншалықты тәуелдісіз? 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com

Қ. Бүйенбай