Тест: "Қошемет сөздерді дұрыс қабылдайсыз ба?" (Қыздар үшін)

Тест: "Қошемет сөздерді дұрыс қабылдайсыз ба?" (Қыздар үшін)

Қазақы тәрбиеміздің әсері ме, көп жағдайда қошемет сөзді дұрыс қабылдай алмаймыз. Оны ести салысымен қысылып, қызарып та кетеміз. Ал сіз ше? Мақтауды сүйесіз бе? Бұл сұрақтардың жауабын тест көмегімен анықтаңыз.

1. Көп қыздың жүрегінде жүрген сері жігіт қасыңызға келіп сіздің көрікті екеніңізді айтты. Сіздің реакцияңыз қандай?

А) Тағы да бір рет қайталауын өтінесіз.

Ә) Оның бетінен сүйіп алғыңыз келеді.

Б) Сөмкеңізден айнаны алып, түріңізді жөндеуге кірісесіз.

В) Рақмет айтасыз да, келесі күні ол жігіт сізге назар аудара ма деп қарайлап жүресіз.

2. Сері жігіт сізді Әлия Телебарисова, Әсел Сағатова сынды атақты жұлдыздардың біріне теңеді. Сіз:

А) Мұндайды үнемі естіп жүретіндіктен, сіз үшін таңқалатындай дүние емес.

Ә) «Қызық! Бірақ мен одан әлдеқайда жаспын ғой» деп ойлайсыз.

Б) Мен расымен де ұқсаймын.

В) Сері жігітке бұл теңеуі үшін риза боласыз.

3. Сіздің құпияға толы екеніңізді айтты. Сіз:

А) Бұл сөздің дұрыс айтылғанын біліп, масаттанып қаласыз.

Ә) Оның осы қасиетіңізді байқағанына ризашылық білдіресіз.

Б) Әжеңіздің «Әй, қайдам» деген сөздерін еске түсіресіз.

В) Бұл ойымен келіспейтіндігіңізді айтасыз.

4. Сіздің аяқтарыңыздың түзу екенін айтты. Сіз:

А) Ертеңнен бастап қысқа белдемше киіп жүресіз.

Ә) Сіз осылайша мақтағанын барлығына жариялайсыз.

Б) Үйге бара жатқан жолда кезіккен айналардың бәріне қарап, сымбатыңызға іштей қуанасыз.

В) Мұны ең жақын құрбыңызға ғана айтасыз.

5) Ол сіздің ақылыңыз бен интеллектілігіңізді ерекше бағалады. Сіз:

А) Өзіне дәл солай жауап қайтарасыз.

Ә) Мақтағаны үшін іштей риза боласыз.

Б) «Шын ба?» деп таңырқайсыз.

В) Бұл қошеметті немен байланыстырып айтып тұрғанын сұрайсыз.

6) Сіздің талантыңызға тәнті. Сіз:

А) Қолыңыздан көп нәрсе келетіндігін өзіңіз де білесіз.

Ә) «Неге?» деп сұрағыңыз келеді.

Б) Оның да талантына тәнті болып жүргеніңізді айтасыз.

В) Оның қателесіп тұрғанын түсіндіргіңіз келеді.

7. Сіздің киіну стиліңізді ұнатты. Сіз:

А) Сәннен хабары бар екен деп ойлайсыз.

Ә) "Ол мұны шын көңілімен айтып тұр ма?" деген ойға қаласыз.

Б) Сізбен қалжыңдасып тұрғанын байқайсыз.

В) Сырт келбетіңізді өзгертуге кірісесіз.

8. Сіздің әтіріңіздің иісін ұнатқандығын айтса, сіз:

А) Иісін жақсырақ сезсін деп оның жанына жақындай түсесіз.

Ә) Мұның соңғы шыққан әтір және бағасының қымбат екенін айтасыз.

Б) Қандай фирманыкі екендігін табуын сұрайсыз.

В) Іштей ұнатпай, сөз орайы келген соң айта салған шығар деп ойлайсыз.

9. «Мынандай сымбатыңызбен кино жұлдызы болуға тиіссіз» деді. Сіз:

А) «Таныс кинорежиссері бар ма екен?» деп сұрайсыз.

Ә) Ең болмаса 1 адамның расымен де шын қадіріңізге жете алғанына қуанасыз.

Б) Оның айтқан сөздерін күлкіге айналдырасыз.

В) «Мені қандай фильмнен көргіңіз келеді?» деп сұрайсыз.

10. «Сіз тамаша ән саласыз» деді. Сіз:

А) «Дәл Роза Рымбаева секілді ме?» деп сұрайсыз.

Ә) 1 шумақ өлең айтып жібересіз.

Б) «Сізге ән салып берейін бе?» деп сұрайсыз.

В) Іштей мені келеке қылып тұр ма деп ойлайсыз.

Тест жауаптары:

Жауаптарыңыздың ішінде «А» нұсқасы көп болса:

Сіз өзіңізге сенімді, өзгелерге сын көзбен қарайтын жансыз. Кейде өзіңізді мақтаймын деп тым әсірелеп жібересіз. Өзіңізге шын баға беріп үйренгеніңіз жөн. Бұл мінезіңіз үшін сізді жақсы көрмейтін достарыңыз көп.

Жауаптарыңыздың ішінде «Ә» нұсқасы көп болса:

Сіз өзіңізге сенімдісіз және бұл қасиетіңізге толықтай құқылысыз. Кемшіліктеріңіз бен артықшылықтарыңызды жақсы білесіз. Мәселелердің барлығын өзіңіз ғана шешесіз.

Жауаптарыңыздың ішінде «Б» нұсқасы көп болса:

Өзгелердің пікіріне аса мән бермейсіз. Бұл мінезіңіз үшін сізді мақтауға болады. Қошемет сөздер сізді қуанта қоймайды. Алайда өзіңізді төмендетіп жіберетін сәттеріңіз де болады.

Жауаптарыңыздың ішінде «В» нұсқасы көп болса:

Өзіңізді өзгелерден төмен ұстайсыз. Кемшіліктерім көп деп ойлайсыз. Сізге өзіңізге деген сенімділік жетіспейді. Осы қасиетіңізге қарамастан, қалжыңды жақсы түсінесіз әрі ақылдысыз. Тек қошемет сөздерді дұрыс қабылдап үйренсеңіз болғаны, сізден жақсы адам болмайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com

Қ. Бүйенбай