Табыс та адам таңдайды

Табыс та адам таңдайды

Біріншіден, шындық пен жасандылықтың ара-жігін ажыратып алайық. Шын мәнінде табысты болу мен табысты адамдай көріну – екі бөлек ұғымдар. Жасандылық танытамын деп жүріп, шын табысқа жетуге уақытымыз болмауы мүмкін. Олай болса табысқа жетуге көмектесетін 8 қадамды бірге анықтайық.

1. Өзіңіздің ғана өміріңізді сүріңіз. Әр тағатымызды қоршаған ортамыздағы адамдар біз туралы не ойлайды деген оймен өткізетіндіктен, бұл әдеттен бірден арылу қиынға соғады. Өмірде әркімнің өз жолы, өзіне ғана тән ұстанымдары бар. Және олар бізде де болуға тиіс. Олай болса аттың басын өмірлік мақсатарымызға қарай бұрайық. Тоқтаңыз. Сіз қай бағытта жылжу керектігін білмейсіз бе?

2. Мақсатымызды анықтап алуымыз керек. Мүмкін көп уақыттан бері жете алмай жүрген армандарымыз бар шығар. Енді сол армандарымызды мақсатқа айналдырып, оған жеткізетін жол іздеуіміз керек. Тек қиялға жақын, орындалуы мүмкін емес мақсаттарды таңдамаңыз. Олардың барлығы да күш-жігерімізді таусады.

3. Армандағанды қойып, мақсатқа ұмтылу. Мақсат айқындалған соң, оны жүзеге асыратын жолдарды табуымыз керек. Әдетте, адам баласы арыстанға ұқсап айға шауып, әлек болады немесе теледидардың алдында диванға жатып, «бір нәрсе істеу керек еді» деген ойдың шырмауында болады. Нәтижесінде өмірінің бос өткенін түсінбейді. Ал сіз осылай болғанын қалайсыз ба?

4. Өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз. Бұрын-соңды алып көрмеген затқа ие болғымыз келсе, бұрын-соңды істеп көрмеген жұмыспен айналысуымызға тура келеді. Сол секілді табысқа жету үшін де жаңа адамдармен танысып, өзге елдерге саяхаттап, білім жинап, жаңа мамандықтарды игеруіміз қажет Әрине, өмірімізде көңілімізді қалдыратын адамдар кездеседі. Барлығы да жақсы болады деп ешкім кепілдік бере алмайды. Қателіктердің барлығын да сабақ үйреткен оқулықтай қабылдаңыз. Керегін алып, қажетсізін санаңыздан өшіріңіз.

5. Табыс мақсатына жету үшін тынбай еңбек етіп жүрген адамдарға ғана тиесілі. Ол да адам таңдайды. Олай болса, сабырды қорғанымыздай көріп, алға қадам басайық.

6. Уақытыңызды үнемдеуге тырысыңыз. Уақыт біз ойлағаннан да қымбат. Барлығын жалқаулығымызға немесе бітпейтін үй шаруасына сілтей берсек, армандарымызбен қоштаса берсек болады. Мұнымен қатар жалқаулық адамды күйзеліске шалықтырады.

7. Өмірдің тар жол, тайғақ кештіретін сәттеріне төтеп бере алмасаңыз да, көтеріңкі көңіл-күйде жүріңіз. Біріншіден, бізді үнемі мұңайып жүреді деп ойлайтын достарымыздан алшақтай түсуіміз керек. Екіншіден, жағымсыз хабарларға толы ақпараттардан бас тартайық. Үшіншіден, өзімізді барлығы да жақсы болады деп сендірейік. Тіпті, жоспарларыңыз өзгеріп кетсе де, сабыр сақтай біліңіз. Қазақ атамыз «Жаман айтпай жақсы жоқ» деп бекер айтпаса керек.  

8. Өзгені алдасаңыз да, өзіңізді еш уақытта алдамаңыз. Қолыңыздан келмеген істер үшін кінәні өзгелерге артудың қажеті жоқ. Әр ісімізге өзіміз ғана жауап берейік. Алдымызда әлі талай жетістіктер күтіп тұр.

Ал сіз өзіңізді табыстымын деп ойлайсыз ба?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай