Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: "Суреттен нені байқадыңыз?"

Тест: "Суреттен нені байқадыңыз?"

Тест:

Жауаптарын оқымай тұрып, ақ қағазға жаңбырдың астында келе жатқан адамның суретін салыңыз. Суретті салып  болған соң, оның әрбір бөлшегіне мән беріңіз. Бөлшегіне жәй ғана қарап қоймай, сезіне де біліңіз. Бірінші кезекте өзіңізге «Өзім салған суретке қараған кезде қандай сезімде болдым? Оның әрбір бөлігінің мен үшін маңызы қандай?» деген сұрақтар қойыңыз. Бұл сұрақтар дұрыс талдауға көмектеседі. Енді суреттің әрбір деталін анализден өткізіңіз. Суреттегі адам қандай іс-әрекет жасап тұр? Мүмкін қолшатырды ұстап, бір қалқаға тығылып немесе жәй ғана жауын астында қыдырып жүрген шығар. Өзіңіз туралы құпияны ашуға көмектесетін бірнеше көмек сөздер ұсынамыз.

- Суреттегі жаңбыр адамның күнделікті өмірде кенеттен кездестіретін қиындықтарын және өзін ол қиындықтардан қашып құтыла алмайтындығын білдіреді.

- Суреттегі кейіпкердің қандай көңіл-күйде (қуаныш, реніш, өкпе, наз, ыза, шаттық және т.б.) екендігін анықтаңыз. Ол өзіне көмектескенін қалай ма әлде қиындықтарды еңсесін көтеріп қарсы алуда ма? Ол қиындықтарға мүлдем мән бермеуі тағы бар.

- Аспандағы бұлттар жайсыздықты немесе бақытсыздықты күту деп түсіндіріледі. Көп алаңдайтын адамдар көлшіктер мен балшықтың суретін салады. Мұнымен қатар көлшіктердің адамның қай жағында (алдында, артында, айналасында, тура аяғының астында) орналасқандығына мән беріңіз. Көлшік артқы бөлігінде орналасса, қиындықты жеңгені. Алдында болса, өзіне-өзі жайсыздық тудырып жүргені.

- Егер адамның бір орында тұрғанын емес, жылжып келе жатқандығын бейнелесеңіз, қиындықтан қашқаныңыз. Әдетте қиялға жақын, жанына тірек болып жүрген жандардан айырылған жандар адамның үстіңгі бөлігін ғана салады. 

- Айналасындағылардан сақ жүруді жөн көретін адамдар суретке теріс қарап кетіп бара жатқан кейіпкерді салады.

- Найзағай адам өмірінде үлкен өзгерісті күтетіндігін білдіреді. Аспандағы күн мен кемпірқосақ игі істерге ұмтылуды, әлемде тек жақсылық атаулының болуын ғана қалау. Кемелділікке ұмтылу.

- Киімнің қызметі табиғаттың алапат күштерінен қаншалықты қорғанатындығыңызбен байланысты.  Яғни, суреттегі сырт киім тағы да бір қорғаныш қызметіне зәру болып жүргеніңізді айқындайды. Ал үсіндегі киімдерінің аз болуы – қоғамға деген қарсылық, стереотиптерден бас тарту, адамдардың пікіріне мән бермеу. Жылдам жауап қайтару.

- Қолшатырды қоршаған ортадан психикалық деңгейде қорғануды жөн көретін тұлғалар салады. Оның суреттегі кейіпкерді қорғап, қорғамай тұрғандығына да мән беріңіз.

- Өзге де қосымша үй, ағаш, көлік немесе қолдағы сөмке, гүл, кітап сынды детальдар осылардың жетіспеушілігімен және оларға қол жеткізем деген үлкен талпыныспен түсіндіріледі.

Психолог мамандардың айтуынша, сіз салған суреттегі кейіпкер – өзіңіз. Ал жоғарыдағы талдаулар тек өзіңізге тиесілі.

Тест нәтижесі бойынша сіз қандай адамсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lady.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 05 ақпан 2014, 12:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.