Сүйген қызыңызды қарата алмай жүрсеңіз

Сүйген қызыңызды қарата алмай жүрсеңіз

1. Тіпті, ол қыз сізден түбегейлі бас тартса да, табандылық танытыңыз. Кез келген қыздың назарын шынайы сезім мен "жақсы көңіл бөлудің" арқасында өзіңізге аударып алуға болады. «Жақсы көңіл бөлу» деген сөздің ақша мен романтикаға қатысы жоқ. Әдеттегі гүл, жүректен шыққан өлең жолдары, романтикалық жолдауларды қолданып көріңіз, алайда оған жасаған сыйлығыңыз неғұрлым ерекше болған сайын ол сізді жылдам жақсы көреді.

2. Екеуіңіздің араңызда өзіңізді басшы етіп сайлаңыз. Қызының айтқанымен ғана жүретін, мінезсіз жігіттерді ешбір қыз жақсы көрмейді. Бірақ, кейде оған да басшы болуға мүмкіндік беріп тұрыңыз. Сіз секілді батыл жігітті бағындыра білген қыз өзін жақсы сезінетіні анық. 

3. Берген уәделеріңізді орындаңыз. Қыздар "Уәдеме берікпін» деген ұстаныммен өмір сүретін жігіттерді жақсы көреді. Кез келген қыз жігітінің өзіне тірек болуын, бастысы сенімді болуын қалайды.

4. Оның алдында мықты болып көрінгіңіз келсе де, өтірік айтпаңыз. Сізге білдірмегенмен көп қыз өтірік айтып тұрған жігітті бірден сезеді. Бір рет әшкереленген өтіріктің арқасында көп уақытқа дейін жақсы дәрежеңізден айрылып қалуыңыз мүмкін. Қыз бала үшін сенімге негізделген қарым-қатынастың маңызы зор.

5. Жарасымды киім кию әдебін де ұмытпаңыз. Қыздар өздерін жақсы күтетіндіктен, өзгелердің кемшіліктерін бірден байқайды. Ал жақсы киінгеніңіз өзіңізге де жақсы. Киіміңіздің қай брендтен екендігі маңызды емес, бастысы таза, үтіктелген болсын.

6. Алғашқы кездесуге шақыратын жеріңіз ерекше болу керек. Әдетте жігіттер алғашқы кездеуде жақсы романтикалық фильм көруге шақырады. Сіз керісінше Мұхтар Әуезов театрында күн сайын болып жататын махаббат туралы жақсы қойылымдардың біріне шақырыңыз. Осылайша оған деген ықыласыңыздың басқа қыздарға деген ықыласыңыздан ерекше екенін білдіресіз.

Бұдан өзге қалай қаратуға болады деп ойлайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай